fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Құрғақ көз синдромы. Оны қалай жеңуге болады

Синдром сухого глаза

Көздің құрғақтығы адамды айтарлықтай әуреге түсіреді – ол байқатпай пайда болып, жанға жайсыз белгілер беріп, ақыры көздің нашарлауына алып келеді. Құрғақ көз синдромы деп аталатын қауіпті офтальмологиялық аурудың белгілері – көз қызарып, қышиды, түйіліп ауырады, көзден жас ағады, адам өзін қабағының астында құм не бөгде зат тұрғандай жайсыз сезінеді, жарыққа қарай алмай, жас аға береді.

Әлемде өздерінің ерік-қалауына қарсы осы ауруға шалдыққан адамдар саны миллиондап есептеледі. Әртүрлі деректер бойынша Жер шары тұрғындарының 10%-нан 40%-на дейін құрғақ көз синдромы диагнозы анықталғандар қатарына жатады екен. Ал енді дәрігерге бармаған немесе көздерінің құрғап жүргенін әлі байқамағандар саны қаншалықты екенін көзіңізге елестетіп көріңізші.

Өйткені бастапқыда көздің құрғауы да, аурудың өзге белгілері де аса білінбейді. Дегенмен, уақыт өте келе олар байқалмай қоймайды – бір не бірнеше жайсыз сезім пайда бола бастайды. Олар біресе жоғалып, біресе қайта оралады. Сөйтіп, ауру үдей түседі – жай ғана жайсыздық елеулі қиындыққа ұласады.

Бағымызға қарай, көз дәрігерлері құрғақ көз синдромын әртүрлі кезеңдерінде емдеудің қыр-сырын жақсы меңгерген. Әрине, ауруды жоғарыда аталған белгілер жаңа пайда болғаннан-ақ емдей бастаған жөн. Бұл жағдайда құрғақ көз синдромынан арылу үшін, белгілі бір кезең ішінде көзіңізге ылғалдандыратын көп тамшыларын тұрақты түрде тамызып тұрғаныңыз да жеткілікті болады. Тұрақты түрде дегеніміз – әдетте күніне үш ретке дейін.

Құрғақ көз синдромы – экранға үңілу салдары

Бұл тұжырым көптеген жағдайлар үшін дұрыс, себебі шындығында көздің құрғақтығы көбінесе компьютер, теледидар, смартфон, планшет және басқа да экрандарға шамасынан артық үңілуден туындайды.

Бұл ауру көбінесе  үй-жайлардағы ауа ылғалдығының төмен болуынан, экологиялық ахуалдың нашарлығынан, салауатты өмір салтын ұстанбаудан, тіпті дұрыс тамақтанбаудан да, сондай-ақ, көріну төмен болған жағдайда автокөлік жүргізгеннен, сонымен қатар кейбір дәрі-дәрмектердің де әсерінен, жас ұлғайған сайын ағза жұмысының нашарлауынан және тағы басқа да жайсыз факторлардан пайда болады, дегенмен барлық жағдайда емес.

Алайда, бұл тізімде бірінші орында экрандардың әсері тұр, себебі компьютермен жұмыс істеген кезде біздің кірпік қағуымыз көзімізді көз жасымен жеткілікті дәрежеде ылғалдандыру үшін қажетті шамадан кем болады екен.

Ал көз жасы көзге оттегі мен тағы басқа қажетті заттарды жеткізіп, ондағы көмірқышқыл газын, істен шыққан эпителийді және өмір сүру барысында пайда болатын жанама өнімдерді шығарып тұрады. Сондай-ақ, көз жасы көзімізді құрғап кетуден сақтап, бөгде заттар мен вирустардан қорғайды.

Яғни көз жасы – аса маңызды сұйықтық. Оның мөлшері кеміп немесе сапасы төмендеп қалса, көздің конъюнктивасында, шынайнасында ылғал жетіспеушілігі пайда бола бастайды. Сөйтіп, адамның көзі бірте-бірте құрғап, созылмалы сипатқа ие болады. Бұл жағдайда көзге арналған ылғалдандырғыш тамшылар көмектеседі.

Көздің құрғақтығына қарсы тамшылар. Таңдағанда қателеспеу үшін не істеу керек

Көз құрғақтығы ауруы көптеп тарағандықтан, өндірушілер бірінен соң бірі өз препараттарын ұсынып, олардың ғажайып әсерін жарнамалайды. Бірақ қулығын асырғыш жүздеген маркетологтардан гөрі бір тәжірибелі офтальмолог дәрігерге жүгінгеніңіз жөн – ол көздің құрғақтығына қарсы құрамында консерванттар, фосфаттар және тағы басқа зиянды заттар қосылмаған тамшыларды тамызуға кеңес береді.

Көптеген мамандар үлгілік сападағы гиалурон қышқылы негізінде жасалған ХИЛО КОМОД көз тамшысын пайдалануды ұсынады, Еуропалық Фармакопея сертификаты бұның дәлелі.

ХИЛО КОМОД тамшыларын құтысы ашылғаннан кейін жарты жыл пайдалануға болады. Құтыда үш жүз тамшы ерітінді бар. Тамшыны әр көзіңізге күніне үш рет бір тамшыдан тамызып тұрған жағдайда, бір құты тамшы елу тәулікке жетеді. Осындай қолдану режимі көбінесе құрғақ көз синдромының алдын алу және оны емдеу үшін ұсынылады.

Поделиться с друзьями :
Сатып алу