Иә, емдейміз. Бірақ осы дертдің өршу тәуекелін барынша азайту үшін бірқатар кеңеске құлақ асқан жөн. Сонда, оны емдеудің қажеті болмайды. Талқылап көрелік, құрғақ көз синдромы дегеніміз не.
Құрғақ көз синдромы – офис қызметкерлерінің, үйде отыратын әйелдердің, дизайнерлердің,менеджерлердің, айтишниктердің, жүргізушілердің, мегаполис тұрғындарының, балалардың, ересектердің, қарт адамдардың, сау және ауру балалардың, бай және кедей адамдардың офтальмологиялық дерті.
Бүкіл әлемде құрғақ көз синдромын емдеу қазіргі таңда бір миллиардқа дейінгі адамды қамтып отыр. Бұл офтальмологтар қарап, диагнозды нақты растаған жағдайлар ғана. Бірақ, науқастардың басым бөлігі белгілі бір уақытқа дейін осы мәселенің туындағанынан бейхабар болады. Сондықтан дабыл қағып, дәрігерге жүгірмейді.
Егер сізбен бірге офисте жиырмаға жуық адам жұмыс істейді деп есептесек, олардың кемінде үшеуінде құрғақ көз синдромы дерті белгілі бір деңгейде өршіп тұрады. Бұндай үдеріс бұқаралық технологиялар деңгейінің күрт өсуімен түсіндіріледі, өйткені оларды пайдалану көзге түсетін жүктемені бірнеше есе арттырады.
Жұмыс компьютерінің, смартфонның, үйдегі ноутбуктың, супермаркеттегі таразының, жатын бөлме қабырғасындағы теледидардың, лифттегі қабатты көрсеткіштің, метродағы таблоның, ішінде шоколады бар автомат дисплейінің экраны – осының барлығы көздің құрғақтығын тудырады.
Біз қайсы бір гаджеттің экранына бар назарымызды салып қараған кезде көз өзін қалыпты ылғалдандыруға қажет саннан әлдеқайда аз жыпылықтайды.
Ал осы бір автоматты және біз үшін байқалмайтын қабақ қозғалысының маңызы әлдеқайда зор. Осылайша, біз жас сұйықтығын қалпына келтіріп, оны шынайна бойымен таратамыз – бұл бездер жасап шығаратын біздің көзге арналған табиғи ылғалдандырғыш тамшылар.
Біз сирек жыпылықтаған сайын біздің көру органдарымыздың ылғалдануы да бұзылады. Шынайна мен көздің шырықты қабығы жас сұйықтығы мен онда еріген денсаулыққа қажетті нәрлендіргіш заттардың азырақ санын алады. Көздің шамадан тыс кеуіп кетуі пайда болады.
Оның басты белгілерінің бірі – көздегі құрғақтық сезімі.
Ол жиі қызарумен, қабақтың астында бөгде заттың тұру сезімімен, қышумен, кесіп ауырумен, көзді үнемі сүрту қажеттілігімен, көздің жастануымен, жарыққа деген сезімталдықпен және құрғақ көздің өзге симптомдарымен сүйемелденеді.
Құрғақ көз синдромын қалай емдеу керек? Бірінші кезекте бұл аурудың өршу сатысына байланысты болады. Денсаулыққа қатысты өзге мәселелер сияқты бұл дертті жағдай ушығып кетпей тұрып емдеген жөн. Өйткені жоғарыда сипатталған алғашқы белгілер пайда болған кезде бірден офтальмологқа қаралу керек.
Егер маман қарап, тексеріп, тиісті зерттеулер жүргізгеннен кейін құрғақ көз синдромы расталатын болса, емдеу сұлбасына келесі ұсынымдар енгізіледі:
ХИЛО-КОМОД көзге арналған ылғалдандырғыш тамшылары соңғы ұсынымда сипатталған талаптарға толығымен жауап береді, оның құрамында үлгілік сападағы гиалурон қышқылы ғана қолданылады. Ол дерттің алдын алып, емдеуге жеткілікті тұрақты ылғалдандыруды қамтамасыз етеді.
ХИЛО-КОМОД көздің құрғақтығына қарсы тамшыларды көптеген өзге жасанды жас препараттарымен салыстырғанда анағұрлым ұзағырақ пайдалануға болады. Атап айтқанда – сауытты ашқан сәттен бастап 6 айға дейін.
ХИЛО-КОМОД құрғақтыққа қарсы көз тамшылары сіздің көзіңіздің саулылығын сақтап қалуға көмектеседі!