Құрғақ көз синдромына арналған Хило-Комод

дискомфорт в глазах

Құрғақ көз синдромы – заманауи әлемдегі жиі құбылыс. Көздің құрғақтығына жасы да, көру жүктемесі де әртүрлі адамдар шағымданып жатады. Ауруды көптеген себептер тудыруы мүмкін, бірақ ем, әдетте, көздің шынайнасын тиімді ылғалдандыратын арнайы көз тамшыларын пайдалануды болжайды.

Құрғақ көз синдромын қалай емдеу керек

Емдеу тәсілі көздің құрғақтығын тудырған себептерге байланысты таңдалады. Жағымсыз симптомдардың, яғни көздің күю, қызару сезімінің, қабақтың астындағы ауырсыну сезімінің, көзде бөгде заттың тұруы сезімінің пайда болуына ықпал ететін факторлар туралы анағұрлым толығырақ ақпаратты мына жерден оқи аласыздар. Бұл мақалада құрғақ көз синдромын тудырған себептерге байланысты оны қалай емдеу керектігі туралы сұрақты егжей-тегжейлі талқылаймыз.

1. Көздің құрғауы туралы шағымдар және басқа да симптомдар көзге аса жоғары күш түскен кезде, мысалы компьютердің алдында ұзақ жұмыс істеген кезде туындаған болса:

  • көзге анағұрлым көп күш түсетін уақытты азайту;
  • жұмыс барысында ұдайы үзілістер жасау, ең дұрысы- әрбір 30-40 минут сайын;
  • жұмыс орнын жеткілікті деңгейде жарықтанатындай етіп, монитор беттен көз деңгейінде 60-80 см аралықта болатындай етіп, кескіндемеге қараған кезде сәуленің және экранның шағылысуы кедергі келтірмейтіндей етіп жайғастыру;
  • жұмыстағы үзіліс кезінде көзге арналған қарапайым жаттығуларды орындау;
  • қажет болған жағдайда құрғақ көзге арналған тамшыларды пайдалану (төменде осы туралы сөз болады) ұсынылады.

2. Құрғақ көз синдромының өршуіне ағзадағы жас өзгерістері себеп болса, өз денсаулығыңызды мұқият күтіп, көздің құрғауына қатысты шағым туған кезде офтальмологқа қаралу ғана қалады. Әдетте, жас ұлғайған сайын құрғақ көз синдромының көріністері көз жасы құрамының өзгеруіне немесе оның түзілуінің төмендеуіне байланысты, сонымен қатар жастармен салыстырғанда егде жаста жиі болатын офтальмологиялық операциялардан кейін (мысалы, катарактаны алғаннан кейін) пайда болады. Сондай-ақ, көздің құрғауына қатысты шағымдар кейбір препараттарды, атап айтқанда, әйелдердегі алмастырғыш гормоналды терапия кезінде гормоналды құралдарды қабылдағаннан кейін пайда болады. Қант диабеті мен глаукома сияқты созылмалы аурулар да көру органының жәй-күйіне әсер етеді. Бұл жағдайда құрғақ көз синдромын емдеу:   

  • негізгі ауруды емдеуді;
  • көру гигиенасын (көру жүктемесі мен тынығу арасындағы теңгерімді) сақтауды;
  • құрғақ көз синдромына арналған көз тамшыларын пайдалануды көздейді, өйткені көз қабықшасы көз жасының тапшылығына немесе көз жасы құрамындағы өзгерістерге байланысты көзді жеткілікті деңгейде ылғалдандырмайтын болса, оны бұндай тамшыларсыз қалпына келтіру іс жүзінде мүмкін емес.

3. Құрғақ көз синдромы жанаспалы линзаларды кию салдарынан болған жағдайда бұл мәселенің бір ғана шешімі бар: линзамен біруақытта пайдалану мүмкіндігін ескере отырып әзірленген көзге арналған ылғалдандырғыш тамшыларды (жасанды көз тамшыларын) ұдайы пайдалану керек.

4. Көздің құрғақтығы көз жасы және май бездерінің жұмысына ықпал ететін аутоиммунды аурулардың салдарынан болуы мүмкін. Бұндай жағдайда әдетте симптомдық ем қолданылады, яғни, пациенттерге үнемі көз жасын алмастырғыштарды пайдалануға тура келеді – бақытымызға орай, заманауи препараттарды ұзақ уақыт тамызуға болады. 

Құрғақ көз синдромы кезіндегі тамшылар: қалай таңдау қажет 

Көздегі жайсыздыққа шағым туған кезде оның себебін анықтау үшін офтальмологқа қаралу керек. Көздің күю және қышу сезімі, көздің қызаруы, қабақтың астында бөгде денені немесе «құмды» сезіну жұқпалы аурулар мен қабынудың симптомдары болуы мүмкін, сондықтан дәрігерге қаралып, көз бетінің ылғалдану деңгейін анықтау үшін бірнеше тесттен тұратын қарапайым тексеруден өтіп, бұл мәселенің дәл құрғақ көз синдромынан туындағанына көз жеткізіп, емдеуге қатысты ұсынымдар алу керек.  

Құрғақ көз синдромын емдеуге арналған препараттардың құрамы әртүрлі, бірақ көп жағдайда олардың құрамында гиалурон қышқылы болады. Гиалурон қышқылы құрғақ көзге арналған тамшылардың құрамындағы жалғыз әсер етуші зат та болуы мүмкін, сондай-ақ көздің бетіне әсер ететін өзге полимерлермен немесе басқа да құрамдас бөліктермен араласқан түрде де болуы мүмкін. Құрғақ көзге арналған тамшы түріндегі ең танымал препараттардың бірі Хило-Комод тамшыларының құрамында да гиалурон қышқылы бар.

Препаратты таңдайтын кезде дәрігер науқаста созылмалы аурулардың бар-жоған, оның ұстанатын өмір салтын, көзіне түсетін жүктемені, көру қабілетінің көрсеткіштерін және оны түзету әдісін ескереді.

Неліктен құрғақ көзге арналған Хило-Комод тамшыларын таңдау керек? 

URSAPHARM неміс компаниясы өндірген Хило-Комод препаратының құрғақ көз синдромын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді емдеуге арналған жасанды жас тамшыларын таңдайтын кезде маңызды болып табылатын бірқатар артықшылықтары бар. Осы табиғи жасты алмастырғышты әртүрлі себептерден туындаған құрғақ көз синдромы кезінде тағайындайды. Құрғақ көзге арналған Хило-Комод тамшыларының бірқатар артықшылықтары бар: 

құрамында молекулярлық салмағы жоғары гиалурон қышқылы бар, ол табиғи көз жасының қасиеттеріне барынша жақын қасиеттерді қамтамасыз етеді 

  • көздің бетін ұзақ уақытқа ылғалдандыра отырып, табиғи жас қабықшасына барабар жас қабықшасын түзеді   
  • сіздегі көз жасы тапшылығының орнын толтырады  
  • жағымсыз сезімдерден, көздің қышуы мен күйдіру сезімінен арылтады 
  • көздің ауаның жоғары немесе төмен температураларына, қатты жарыққа сезімталдығын төмендетеді 
  • көздің қызаруын азайтады 
  • жанаспалы линзаларға бейімделуді жеңілдетеді, тұрақты линза кию кезінде пайдалануға рұқсат етіледі 
  • әртүрлі себептерден туындаған құрғақ көз синдромы кезінде қолданылады 
  • офтальмологиялық операциялардан кейін қолданылады 
  • ұзақ уақыт қолданылуы мүмкін
  • құрамында консерванттар мен фосфаттар жоқ 
  • аллергиялық реакциялар тудырмайды 
  • қолдануға ыңғайлы әрі тиімді (тамшылар алғаш қолданғаннан кейін алты ай бойына өз жарамдылығын сақтап қалады) 

Препаратты күніне 3-4 рет әрбір көзге 1 тамшыдан тамызады. Құрғақ көз синдромының алғашқы сатысында күніне 1-2 рет қана тамызу жеткілікті болады. Бірақ қатты жайсыздық кезінде немесе көзге көп күш түскен кезде Хило-Комодты тәулігіне 10 ретке дейін тамызуға болады.

Құрғақ көз синдромы кезінде тамшылар аурудың туындауына түрткі болған факторларға тәуелсіз негізгі емдеу әдісі болып табылады. Көз құрғақтығының өмір сапасын нашарлатуына жол бермеу үшін сапалы препаратарды таңдау аса маңызды.      

Поделиться с друзьями :
Сатып алу