fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Құрғақ көз синдромының алдын алу

синдром сухого глаза

«Алдын алу» деген сөздің өзі селқостық сезімін тудырады. Біз болашақта туындауы мүмкін мәселеге қатысты кертартпа іс-әрекеттер туралы ойлай бастаймыз. Бірақ құрғақ көз синромының алдын алу – мүлдем басқа дүние. Оның себебі мынадай.

Бүкіл әлемде құрғақ көз синдромы нағыз індетке айналды, сондықтан әрбір адам осы тәуекел тобына жатады. Бірақ жақсы жаңалық та бар – белгілі бір қағидаларды ұстана отырып, бұл дерттің өршу тәуекелін төмендетуге болады.

Бұл құрғақ көз синдромын емдеу кезінде ұстануға жөн ұсынымдар болып табылады.

Құрғақ сөз синдромының алдын алу мен емдеу әдістері

Құрғақ сөз синдромын қалай емдеу керектігін науқасты қарағаннан кейін және бірқатар зерттеулерді жүргізгеннен кейін кәсіби офтальмолог анықтайды. Құрғақ көз диагнозы расталған жағдайда осы дертпен күресу стратегиясы әзірленеді. Ол мынадай тармақтарды қамтиды:

• Өмір салтын түзету. Көздің саулылығы үшін пайдалы элементтерді қамтитын арнайы емдәм. Шылым шегуге болмайды! Сонымен қатар кальяндарға, вейптар мен басқа та түтіндеткіш құрылғыларды пайдалануға жол берілмейді.

• Қоршаған кеңістіктің ылғалдылық деңгейін бақылау. Аса құрғақ ауа көзде құрғақтық сезімінің пайда болуына алып келеді.

• Тәулігіне кемінде 8-9 сағат салауатты ұйқы. Бұл кез келген ересек адам қуана келісетін ең жағымды тармақ.

• Құрғақ көздің қандай симптомдары болатынын білу. Қызару, қышу, кесіп ауыру, ауыру, жас ағу, көзде құрғақтықты сезіну, жарыққа жоғары сезімталдық, қабақтың астында бөгде денені сезіну – осы белгілердің барлығы құрғақ көз синдромына тән.

• Көру жүктемесін төмендету және көзді барынша тынықтыру. Таза ауада жиі болып, алыс объектілерге жиі қараған жөн. Бұл көздің бұлшықетін босаңсытуға ықпал етеді.

• Жарық. Түстік реңі бойынша да, қарқындылығы бойынша да күндізгі жарыққа жақын және біркелкі болуы тиіс. Қыста ертерек тұрып, істеріңіздің басым бөлігін күндізгі уақытта тындыруға тырысу керек. Бұл үшін ерте жату керек.

• Көзілдірік. Күнге қарсы –шұғылалы күндері, әсіресе, дала қарға оранған қыс кезінде қосымша ультракүлгін сәулелер шағылысады. Спорттық– көз үшін қауіп төндіретін белсенді спорт түрлерімен шұғылдану кезінде. Компьютерлік – жұмыс кезінде көру органдарын қорғау үшін.

• Көзге арналған ылғалдандырғыш тамшылар. Олар жасанды жас деп те аталады. Бұл препараттардың ішіндегі ең жақсыларының құрамында гиалурон қышқылы болады, ол құрамы бойынша адамның табиғи жасына барабар. Ал ингредиенттер тізімінде зиянды қоспалар болмауы тиіс.

ХИЛО-КОМОД көздің құрғақтығына қарсы көз тамшылары құрамындағы натрий гиалуронаты сапасының арқасында халықаралық деңгейде танымал болды. Бұл факті беделді құжатпен- Еуропалық Фармакопея сертификатымен расталады.   

ХИЛО-КОМОД құрғақтыққа қарсы көз тамшылары COMOD жүйесін қорғайды, сондықтан сауыт ашылған сәттен бастап оны алты айға дейін пайдалануға болады.  Бұл жүйе дозалау дәлділігін де қамтамасыз етеді – бір рет басу препараттың тура бір тамшысын шығарады.   

Поделиться с друзьями :
Сатып алу