fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Көктем мерекесіне құрғақ көзбен қарамаңыз

сухость глаз

Сегізінші наурыз мерекесіне ғашық, табиғатпен бірге жаңарған, немқұрайлы, қуанышты, бағалаушы, бақыттан жас алған, қыстан шаршаған, кез келген нәрседен шабыттанған көзбен қарауға болады. Бірақ қауіпті офтальмологиялық аурудың белгілерінің бірі болатын құрғақ көзбен емес.

Соңғы он жыл ішінде адамзат көптеген салаларда технологиялық жетістіктерге жетті. Тұрмыстық техника интуитивті болды, ал ұялы телефон жай ғана қоңырау шалу құрылғысынан адамдар ешқашан қолынан тастамайтын затқа айналды. Сондықтан, әйгілі мақалды сәл өзгерте отырып, бүгінде смартфон – адамның досы деп айтуға болады.

Олай болса, жұмыстағы компьютер – адамның ағасы, үйдегі ноутбук – досы, ал теледидар – кем дегенде жақсы танысы. Бұл біздің көзіміз күн сайын экрандармен байланыста болатын барлық гаджеттер. Сондықтан Жер халқының 10% бастап, 40% дейіні көздің құрғауына шағымданатыны таңқаларлық емес.

Зерттеу нәтижелеріне сенсек, көздің құрғауы мен шаршауы барлық елдердің офтальмологтарына барудың басты себебі болып табылады. Бұл кеңсе қызметкерлері, фрилансерлер, автокөлік жүргізушілері, үй шаруасындағы әйелдер, қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер, кәсіпкерлер…. Ұзағынан тізіп атап отыруымызға болады, қазіргі заманда әр дерлік адам ертелі ме, кеш пе, көз құрғауына тап болады деп айтқанымыз оңай.

Аурудың белгілері – қабақ астына құм құйылғандай сезімі, жасаурау, ауырсыну, қышу, шаншу, қызару және басқалары. Барлық осы жайсыз сезімдер құрғақ және шаршаған көзге арналған тамшылар жайлы ойлануға мәжбүр етеді.

Бұл мәселеде кездейсоқ адамдардың пікіріне сене бермеген дұрыс. Денсаулыққа келетін болсақ, ең дұрыс шешім болып әрқашан тиісті профильдегі маманға жүгіну табылады. Бұл жағдайда, ол офтальмолог болып табылады. Тексеруден және бірқатар қажетті зерттеулерден өткеннен кейін дәрігер диагноз қояды. Құрғақ көз жағдайына тап болғанымыз расталған жағдайда емдеу кестесіне көз құрғауына қарсы көз тамшыларын пайдалану енгізіледі.

Көз құрғауына қарсы қандай тамшыларды таңдаған жөн

Кез келген дәріхана желісінде көз құрғауына қарсы тамшылар көптеген атаумен берілген. Әдемі қаптамалар, жарқын жарнама, есте қаларлық атаулар. Бұл алуан түрлілікте қалай адаспай, қажет нәрсені қалай таңдауға болады?

Көзді ылғалдандыратын тамшылар пациенттің өз көз жасының жетіспеушілігін немесе сапасының төмендігін өтей отырып, тұрақты ылғалдандыратын әсерді қамтамасыз ететіндігіне байланысты аталатынын есте ұстаған жөн.

Осылайша, көз құрғауына қарсы тамшылар құрғақ көз синдромының алдын алу мен емдеудің негізгі әдістерінің бірі болып табылады.

Мамандардың көбі тек басты компоненті болып жоғары молекулалық гиалурон қышқылы табылатын көз құрғауына қарсы тамшыларды қолдануды ұсынады. Құрамында консерванттар, фосфаттар және басқа зиянды заттар жоқ екеніне мұқият көз жеткізіңіз.

Біз ХИЛО КОМОД көз тамшыларына назар аударуды ұсынамыз. Себебі:

  • ХИЛО КОМОД тамшылары эталондық сапалы гиалурон қышқылын қолдана отырып, URSAPHARM неміс фармацевтикалық компаниясымен шығарылады.
  • ХИЛО-КОМОД құтысында ұзақ уақыт бойы ерітіндінің сақталуын, сондай-ақ мөлшерлеу дәлдігін қамтамасыз ететін патенттелген COMOD жүйесі бар. Бір рет басқанда тура бір тамшы шығарады.
  • Препаратты құты ашылған сәттен бастап жарты жыл бойы қолдануға болады – ерітіндінің барлық емдік қасиеттері кепілді түрде сақталады.
  • Күніне үш рет әр көзге бір тамшыдан тамызып отыру жеткілікті. Бұндай режимде ХИЛО КОМОД бір құтысы елу күн ем қабылдауға жетеді.

8 наурыз көңілді өтіп, көздеріңіз ХИЛО-КОМОД тамшыларымен сау болсын!

Поделиться с друзьями :
Сатып алу