Көктемде даладағы мысықтар түнімен серенада айтатынын, әрбір гүл, ағаш, күн сәулесіне шомылған орман алаңқайы: «Маған, мына көк аспанға, төңірекке қараңдаршы, сәуірдің кереметін сезініңдерші!» деп айқайлап тұратынын бәріміз білеміз. Алайда, әлемнің көз жауын алатын сұлулығымен қатар бізге аллергиялық конъюнктивит келуі мүмкін болатынын біле бермейміз.
Кейбір адамдар көктем кезінде ауаға тарайтын түрлі аллергендерге – шөптің және гүлдердің тозаңына, саңырауқұлақтардың спораларына, өсімдіктердің ұрықтарына және тағы басқа микробөлшектеріне сезімтал болып келеді. Созылмалы аллергияға шалдыққан адамдарда көз аллергиясы пайда болған сәттен бастап бірден ем-шаралар алуды әдетке айналдыру қажет.
Бірақ, жасы келіп қалған адамда маусымдық аллергиялық конъюнктивит алғаш рет пайда болуы мүмкін. Көзінің қызарып, қышуы, көзден жас парлауы, қабақтың астына бірдеңе кіріп кеткендей болып, жарыққа қарай алмай, жайсыз күй кешуі – аурудың осы белгілері аяқ астынан туындап, мазаны алған кезде «Конъюнктивитті немен емдеуге болады?» деген сұрақ пайда болады.
Көз аллергиясы екі дәрігер – аллерголог пен офтальмолог бірлесіп шешетін медициналық проблемалар қатарына жатады. Аллергиядан құтылу жолдарын осы дәрігерлер біледі. Басты міндеттердің бірі ағзаның реакциясын туындатқан аллергенді анықтау болып табылады. Бірқатар зерттеулер мен тестерден кейін нақты диагноз қойылады да, тиісті ем-шаралар кешені әзірленеді.
«Көзім қышып жатыр, аллергиям бар, не істеу керек?» – өкінішке қарай бұл жайсыз жағдай тек көктемде ғана пайда болмайды. Себебі аллергиялық конъюнктивитті туындататын ауру қоздырғыштар ауада жыл бойы жүре береді емес пе. Аурудың үш түрі болады:
Аурудың белгілері пайда болған кезде әрбір адамды осы сұрақ мазалайды. Оған біраз уақыт шыдап, кейіннен аурудың өздігінен кетпейтінін түсінген адамдардың барлығы да осы сұрақты қояды.
Әдетте көз дәрігерлері құрамына консерванттар, фосфаттар және басқа да зиянды заттар қосылмаған, жоғары молекулалық гиалурон қышқылына негізделген аллергияға қарсы көз тамшыларын ұсынады.
Көздің маусымдық аллергиясына қарсы жақсы әсер ететін ең үздік тамшылардың бірі – ХИЛО ДУАЛ. Оның құрамында Еуропалық Фармакопеяның сертификатымен куәландырылған үлгілік сапаға ие гиалурон қышқылы бар. Сонымен қатар препараттың құрамына эктоин кіреді – ол көздің барынша жақсы әрі тұрақты ылғалдануын қамтамасыз ететін табиғи зат.
Сондықтан ХИЛО ДУАЛ тамшылары әлемнің көптеген елдерінде дәрігерлердің де, пациенттердің де сеніміне ие болып отыр. ХИЛО-ДУАЛ-дың тағы бір артықшылығы – патенттелген COMOD жүйесі бар құты, ол құты:
• ашылған сәттен бастап алты ай бойы ерітіндінің емдік қасиеттері мен зарарсыздығын сақтайды;
• ерітіндіні шашыратпай, дәл мөлшерлейді – түймені бір рет басқанда, тура бір тамшы ерітінді шығады.
Баршаңызға аллергияның белгілері болмайтын көктемді тілейміз!