Көзді Олимпиадалық Арена түрінде елестетсеңіз, онда оның бір жағынан аурулар, зиянды факторлар, жарақаттар және көру үшін басқа қауіптер тобы шабуыл жасайды. Екінші жағынан, оларды қорғаушылар құрамасы, соның ішінде гиалурон қышқылы мен эктоин қарсы алады. Олар шынайнаны, конъюнктиваны және ең алдымен құрғақ көз жағдайында ауыратынның барлығын ылғалдандыру бойынша чемпиондар болып табылады.
Спорт метафорасы аясында сөз қозғасақ, біз көзге арналған гиалурон қышқылы ауыр атлет деп елестетеміз, ол өз салмағынан алты мың есе артық салмақ көтеріп, ұстай алады. Тек біздің шынайы өмірімізде зілтемір мен гірдің орнына ылғалды қоямыз. Сонымен, салмағы бір грамм гиалурон қышқылы алты литрге дейін суды байланыстырады.
Сонымен қатар, гиалурон қышқылы – адам ағзасы бөліп шығаратын табиғи сұйықтық болып табылады. Құрамы бойынша ол біздің көзімізді қорғайтын, ылғалдандыратын және нәрлендіретін көз жасы сұйықтығының құрамымен бірдей дерлік.
Айтпақшы, жүз жылдан аз уақыт бұрын олимпиада ойындары бағдарламасына бейнелеу, музыка, мүсін, сәулет, әдебиет және графика кірген. Сондықтан да, болашақта қандай тәртіптер олимпиадаға айналатынын кім біледі. Бірақ, мақсаты – құрғақ көз синдромын емдеуге бағытталған заттар арасында жарыс болса, онда гиалурон қышқылы құрмет тұғырының бірінші орнынан ешқашан түспейді.
Сондықтан да ол құрғақ көзді емдейтін көптеген тамшылар мен гельдер құрамында бар. Мұндай препараттардың құрамында зиянды ингредиенттер – консерванттар, фосфаттар және басқа заттардың болмауы маңызды.
Ылғалдандыру бойынша чемпиондар командасындағы екінші табиғи затты адам денесі емес, экстремалды жағдайларда өмір сүретін микроағзалар бөледі. Мысалы, шыжыған күн сәулесінің астында тұзды көлдерде.
Эволюция барысында мұндай микроағзалар эктоинді бөліп шығаруды үйренді, бұл оларға тұздардың жоғары концентрациясынан, қоршаған орта температурасының күрт ауытқуынан, құрғап кетуден және ультракүлгін сәулеленуден қорғануға көмектеседі.
Сондықтан да медицинада заттың оңтайлы қолданысын тапты – теріні және шырышты қабықтарды қауіпті факторлардың әсерінен қорғайды. Солардың ішінде – құрғап кету, аллергендер, ұсақ шаң және басқалардың әсері.
Эктоин көздің беткі жасушаларына суды қарқынды сіңіруге көмектеседі, нәтижесінде шынайнада физиологиялық қорғаныс тосқауылы қалыптасады. Сондай-ақ, ол жас үлдірінің липидті қабатын тұрақтандырып, соның арқасында оның артық булануына жол берілмейді.
Міне, осылайша, натрий гиалуронаты мен эктоин ылғалданудың керемет нәтижелеріне қол жеткізуге көмектесе отырып, бір-бірін тамаша толықтырады.
Ондай препараттар офтальмологияда түрлі мақсаттарда кеңінен қолданылады. Гиалурон қышқылы бар көз тамшылары күресуге көмектесетін негізгі мәселелерді атап өтейік:
Сондай-ақ, эктоины бар гиалурон қышқылы негізіндегі көз тамшылары да болады, бұндай құрам барынша тұрақты ылғалдандыруды қамтамасыз етеді.
Көптеген офтальмологтар құрғақ көз синдромын емдеу үшін гиалурон қышқылы мен эктоинді ХИЛО-ДУАЛ бар ылғалдандыратын көз тамшыларын пайдалануды ұсынады.
Осы көзді ылғалдандыратын тамшылар URSAPHARM неміс фармацевтикалық компаниясының ең жоғары сапа стандарттарына сәйкес шығарылады.
ХИЛО-ДУАЛ көз тамшылары құтысы ашылған сәттен бастап алты ай бойы қолдануға жарамды. Көп жағдайда препаратты күніне үш рет әр көзге бір тамшыдан тамызу ұсынылады.
Сіздің көзіңіз ХИЛО-ДУАЛ тамшыларымен денсаулық чемпиондары болсын!