Көзге түсетін заманауи жүктемелер, ауасы құрғақ жайлардың ішінде көп сағаттық жұмыс, кондиционері немесе пеші қосылған көлік рулінде ұзақ уақыт жол жүру – осының барлығы көздің жәй-күйіне теріс әсер етіп, оның бетін құрғатады. Құрғақ көзді емдеу көзге арналған ылғалдандырғыш тамшыларды мұқият таңдауды талап етеді.
Адамның көзі жас қабықшасымен көмкерілген. Ол үш қабаттан тұрады, әрқайсысы әртүрлі бездердің қатысуымен түзіледі және құрамы да, атқаратын қызметі де әртүрлі. Егер жалпылайтын болсақ, жас қабықшасының басты міндеті – көзді сыртқы әсерлерден қорғау, көздің бетіне түсуі мүмкін патогенді микроағзалардың көбеюіне жол бермеу, көздің көру өткірлігін қамтамасыз ету үшін көздің бетін тегістеу, көзді қоректендіру және оны тұрақты ылғалдандыруды қамтамасыз ету.
Жас қабықшасы үнемі өзінің тұтастығын жоғалтып, қалпына келіп отырады.Бұл адамның қайсы бір саналы қатысуынсыз өздігінен жүретін табиғи процесс. Біз жыпылықтаған сайын көздің бетін көмкеріп тұрған қабықшаның үзілген жерлері қалпына келеді.
Жас қабықшасы да табиғи себептерге байланысты зақымдалады: көздің бетіндегі ылғал үнемі буланып отырады. Егер анағұрлым қарқынды булануды тудыратын қосымша факторлар болмаса, бездер жасап шығаратын көз жасы көздің жас қабықшасын толығымен және бірнеше секунд сайын тұрақты қалпына келтіріп отыруға жеткілікті болады. Бірақ көз жасы аса жылдам буланатын болса, жеткілікті көлемде түзілмейтін болса немесе оның құрамы бұзылатын болса, көз тура мағынасында «құрғай» бастайды, яғни оның беті ылғалдың тұрақты тапшылығына байланысты аса қатты құрғап кетеді.
Бұл қысқа мерзімді болса (мысалы, сіз ауасы құрғақ жайдың ішінде ұзақ отырып, кейін көшеге шыққан болсаңыз), әдетте ешқандай қиындық туындамайды. Бірақ бұл мәселе тұрақты сипатқа ие болса, мынадай шағымдар пайда болады:
қабақтың астында бөгде затты немесе «құмды», көзге кірпіктің «түсуін» сезіну
Жайсыздықтан құтылуға көмектесу үшін офтальмологтар құрғақ көз синдромы бар пациенттерге көзге арналған ылғалдандырғыш тамшыларды тағайындайды. Бұл тамшылар шынайнаның бетіндегі ылғалды сақтап қалуға көмектесіп, жағымсыз сезімдерден ұзақ уақытқа арылуға көмектеседі.
Құрғақ көзді емдеу оны тудырған себептерге байланысты болады. Егер құрғақ көз синдромы ағзадағы жас өзгерістеріне, гормоналды препараттарды қабылдауға, құрамында консерванттары бар көз тамшыларын ұзақ уақыт пайдалануға (мысалы, катаракта кезінде), жанаспалы линзаларды киюге байланысты болса, құрамында жоғары концентрациядағы гиалурон қышқылы бар көз тамшылары жалғыз емдеу әдісі болып табылады. Егер көздің құрғақтығы көзге артық күш түсіру, аз тынығу салдарынан туындаған болса, дәрігерлер жұмыс кезінде үзілістер жасауды және үзіліс кезінде смартфонды пайдаланбауды, жеткілікті деңгейде ұйықтауды, көзге арналған қарапайым жаттығулар жасауды ұсынады. Бұл ұсынымдар жасанды жас тамшыларының әсерін анағұрлым тиімдірек етуге көмектеседі. Көздің құрғақтығына жайдың ішіндегі аса құрғақ ауа себепші болса, көз тамшыларынан басқа, ауа ылғалдандырғышты пайдаланған жөн, әсіресе көзге күш түсіре отырып, ұзақ уақыт болатын және жұмыс істейтін жерлерді ылғалдандырып отыру қажет.
Көзге арналған ем диагностикадан кейін тағайындалуы тиіс, сондықтан дәрігер ылғалдандырғыш әсері бар көз тамшыларын тағайындайды. Егер сіздің жағдайыңызда қарқынды ылғалдандыру қажет болса, офтальмолог Хило-Гель препаратын тағайындауы мүмкін.
Көздің құрақтығын емдеуге болады ма деген сұрақты осы мәселеден арылу үшін әртүрлі көз тамшыларын пайданып көрген біраз адамдар қояды. Хило-Гель тамшыларының басты ерекшелігі- оның құрамында әдеттегі ылғалдандырғыш тамшылармен салыстырғанда гиалурон қышқылының екі есе көп концентрациясы бар. Бұл препараттың құрамындағы натрий гиалуронаты (гиалурон қышқылы) 1 мл-ге 2 мг дозада. Хило-Гельдің құрамында аллергияны, тітіркенуді немесе әдеттенуді тудыруы мүмкін, шынайнаның жәй-күйіне теріс әсер етуі мүмкін консерванттар, бояғыштар немесе басқа да заттар жоқ.
Хило-Гель препаратының басқа да артықшылықтары бар:
орташа және ауыр дәрежедегі құрғақ көз синдромы кезінде қолданылады;
Назар аударыңыз: Хило-Гель көзге арналған тамшыларының консистенциясы өте қою.
Хило-Гель препараты құрғақ көз синдромынан туындаған қатты жайсыздықтан да құтылуға көмектеседі, қызаруды, тітіркенуді, қышуды және қабақтың астындағы бөгде зат немесе көздің үнемі шаршап тұруы, көзді жиі уқалау қажеттілігі, себепсіз жастану, жарыққа немесе ауа температурасының ауытқуына сезімталдық сияқты басқа да жағымсыз сезімдерді азайтады.
Сондай-ақ тұрақты жанаспалы линзаларды кию салдарынан туындайтын көздің орташа және күшті дәрежедегі құрғақтық синдромы кезінде де Хило-Гельді қолданған жөн.
Хило-Гельдің құрамында консерванттар жоқ, көздің құрғауын тиімді, қауіпсіз және үнемді емдеуді қамтамасыз етеді: препарат ұзақ уақытқа әсер етеді, құрамында консерванттар жоқ, құтының бірегей конструкциясының арқасында алғаш пайдаланған күннен бастап алты айға дейін қолдануға жарамды болып қалады. Сондықтан дәрігер көз тамшыларын күніне 1-3 рет қана тағайындайтын болса да, сіз құтының ішіндегі бүкіл препаратты бірнеше ай бойына қолдана аласыз.