fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

ХИЛО КОМОД – құрғақ көзді емдеуге арналған тамшылар, бірақ тек оған ғана емес.

ХИЛО КОМОД

«ХИЛО КОМОД . Пайдалану жөніндегі нұсқаулық» – бұл көптеген адамдар үшін оны ашып, оқу үшін тым жалықтырғыш болып көрінуі мүмкін сөздер. Бұл жерде біз ХИЛО КОМОД препаратын қолдану, оның емдік қасиеттері туралы ақпараттың айтарлықтай қатты жалықтыратын, терең білімді қажет ететін нәрсе болып көрінетінін меңзеп тұрған жоқпыз. Бар мәселе кез келген дәрі-дәрмекке арналған нұсқаулықтардың қарапайым адамдардың көпшілігінің (дәрігер еместердің) тәтті ұйқыға бату үшін ыңғайлы орын табуға деген ұмтылысын тудыруында.

Жақсы жаңалық бар – бұл медициналық трактатты басынан аяғына дейін оқудың қажеті жоқ, әсіресе ХИЛО КОМОД кездейсоқ таңдау емес, офтальмологтың диагнозды анықтағаннан кейін тағайындаған дәрісі болса. Тек өндіруші, яғни URSAPHARM атты неміс фармацевтикалық компаниясы ХИЛО КОМОД препаратын құрғақ көз синдромының алдын алу және емдеу үшін арнайы жасап шығарғанын білгеніңіз жеткілікті.

Құрамында үлгілік сападағы гиалурон қышқылы бар ХИЛО КОМОД жасанды көз жасы көру мүшесін бірнеше сағат бойы ылғалданып тұруын қамтамасыз етеді. Сондықтан офтальмологтар құрғақ көз синдромы, аллергиялық конъюнктивит және көру мүшесінің басқа да проблемалары бар науқастарға негізінен осы тамшыларды ұсынады.

Сонымен қатар ХИЛО КОМОД құтысы ашылған сәттен бастап алты айға дейін қолдануға болатын тамшылар. Бұл ерітіндінің зарарсыздығын және пайдалы қасиеттерін сақтауға арналған патенттелген COMOD жүйесінің арқасында мүмкін болып отыр. Сондай-ақ дәл мөлшерлеуді қамтамасыз ету арқылы пайдалану кезінде кездейсоқ шашыраудан қорғап, дәріні үнемдеуге көмектеседі. Бір басқанда тура бір тамшы тамады.

ХИЛО КОМОД құтысына үш жүз тамшы ерітінді сияды. Әр көзіңізге күніне үш рет бір тамшыдан тамызып тұрған жағдайда, тамшылардың бір құтысы елу тәулікке жетеді. Құрғақ көз синдромының алдын алу және оны емдеудің үлгілік сызбасы дәл осындай.

Сондықтан, бағасы толығымен негізделген ХИЛО КОМОД көз жасын алмастырғыш ең жақсы таңдау болып табылады. Мұның себебі так жоғары сапалы ингредиенттер, неміс өндірушісіне деген сенім, арнайы COMOD жүйесі бар құтыда ғана емес, сонымен қатар бұл препараттың іс жүзінде жоғары нәтижелер көрсетіп отырғанында.

Құрғақ көз синдромы және ХИЛО-КОМОД

Көздің құрғауын жиырма бірінші ғасырдың офтальмологиялық обасы деп атауға болады, өйткені аурудың таралу дәрежесі дүниежүзілік проблемаға айналды. Жер шарының түкпір-түкпіріндегі нәсілдері, кәсіптері, өмір сүру деңгейі түрлі болып табылатын адамдардың бәрінде бірдей белгілер туындауда – көздері тез шаршап, қызарып, құрғап, жас ағып, жарыққа сезімталдығы артып, көзіне құм түскен сияқты сезім пайда болып, үнемі көзін уқалағысы келіп тұрады. Және де бұл құрғақ көз синдромы белгілерінің толықтай тізімі емес.

Қысқаша айтқанда, бұл ауру көз жасы сұйықтығының жетіспеушілігінен немесе оның сапасыздығынан туындайды, көздің конъюнктивасы мен шынайнасы құрғай бастайды. Уақыт өте келе бұл созылмалы түрге еніп, көздің үстіңгі қабатында микроскопиялық жаралар пайда болады. Егер оны ұзақ уақыт бойы емдеусіз қалдырсаңыз, қайғылы жағдайға тап болуыңыз ықтимал – көзіңіздің көру қабілеті нашарлауы мүмкін.

Төменде тәуекел факторлары болып табылатын негізгі себептер аталған:

Компьютердің алдында тұрақты түрде жұмыс істеу, контентті ұзақ уақыт бойы смартфон арқылы көру, теледидар алдында виртуалды ойындар ойнау.
• Көздің жасын шығаруға және оның сапасына әсер ететін кейбір дәрілерді қабылдау.
• Салауатты өмір салтын ұстанбау – темекі шегу, ішімдік ішу, зиянды тамақ жеу, ұйқының қалыпты болмауы.
• Егде жастағы ағзада пайда болатын өзгерістер.
• Бөлмедегі ауа ылғалдылығының төмендеуі.
• Химиялық булармен, түтінмен және т.б. байланысты жұмыстар.
• Кейбір аурулар.
• Көріну нашар болған жағдайда – түнде, бұлтты күндері, қар жауған кезде көлік жүргізу.
• Генетикалық бейімділік.

Егер сіз осы аталған белгілердің тіпті беруінің ғана өзіңізде көрініс тапқанын біліп отырсаңыз, құрғақ көз синдромының дамуын күтпей, ХИЛО КОМОД көз тамшыларын тұрақты түрде қолдана бастағаныңыз жөн.

ХИЛО КОМОД көз тамшылары көзіңіздің саулығын қорғаушыға айналсын!

ХИЛО КОМОД тамшыларын сатып алудың  еш қиындығы жоқ – бұл препарат кез келген дәріханада рецептсіз сатылады. Бірақ көзіңізге қатысты қандай да бір проблема туындаған жағдайда өздігіңізбен емделуге жүгірмей, көз дәрігеріне жүгінуге кеңес береміз.

Поделиться с друзьями :
Сатып алу