fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Жасанды жас. Көз тамшылары неден жасалады

С возрастом синдром сухого глаза может прогрессировать

Құрғақ көз синдромы – ең кең тараған аурулардың бірі, уақыт өте келе ол өршуі мүмкін. Бұл синдром жас сұйықтығының табиғи құрамының өзгеруінен және оның жеткілікті көлемде жасалмауынан туындайды. Көзге түсетін ұзақ уақыттық жүктеме, үнемі гаджеттерді пайдалану, компьютер алдында жұмыс істеу, контактілі линзаларды пайдалану ережелерін бұзу, түтін, темекі түтіні, жылыту аспаптары және кондиционер сияқты сыртқы тітіркендіргіштер көзде жағымсыз сезімнің туындауына алып келуі мүмкін. Көздің кесіп ауруы, күйдіру сезімі, көзде құм сезіну, сонымен қатар құрғақтық белгілері анағұрлым жиі туындайды. Бұл белгілерге ұзақ уақыт мән бермеген жағдайда тұрақты жайсыздық туындап, көру өткірлігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. 

Құрғақ көз синдромы кезінде жағдай ушығып кетпеу үшін офтальмологтар оның алдын алып, емдеу үшін жасанды жас тамшыларын қолданады. Бұндай тамшылардың құрамы табиғи адам жасына барабар. Олар жағымсыз симптомдардан құтылуға, контактілі линзаларды киетін кезде жайлылық сезімін қайтаруға, шынайнаның ылғалдану деңгейін реттеуге және жас қабықшасының тұрақтылығын арттыруға көмектеседі. Жасанды жас препаратының бағасы көбінесе оның құрамына, атап айтқанда- басты әсер ететін құрамдас бөлікке байланысты болады. Тамшылардың алуан түрі бар, бірақ барлығының негізінде – әртүрлі гидрофильді полимерлерден тұратын сулы ерітінді бар. Препаратты дұрыс таңдау үшін, сонымен қатар осы құралдардың ерекшеліктерімен танысу үшін әрекет ететін құрамдас бөліктерге тоқтаталайық.

  • Гиалурон қышқылы (натрий гиалуронаты). Өз қасиеттерінің арқасында анағұрлым ұзағырақ ылғалдандыруға ықпал етеді. Заттағы молекулалар судың молекулаларын өзіне тартып, біріктіріп, жас қабықшасының жылдам кеуіп кетуінің алдын алады. Гиалурон қышқылы бар тамшылар көздің бетінде тұрақты жас қабықшасын түзеді, ол көздің көру өткірлігіне ықпал етпейді және жыпылықтауға тұрақты. Мысалы, Хило-Комод көз тамшылары – құрамында консерванттары жоқ тиімді құрал, ол көздің тітіркенуін, шаршауын және асыра жүктемеден кейін қызаруды басу үшін ұсынылады. Олар аллергиялық реакциялар мен әдеттенуді тудырмайды, контактілі линза киетін кезде өте тиімді. Өзінің құрамындағы натрий гиалуронатының арқасында Хило-Комод жасанды жастың анағұрлым әмбебап, ыңғайлы және қауіпсіз препараттарының бірі болып табылады.   
  • Гидроксипропилметилцеллюлоза (гипромеллоза). Бұл протектор ретінде әрекет ететін өте тұтқыр полимер. Ол көзде туындаған жағымсыз сезімді жылдам жояды, шынайнаны ылғалдандырады, сонымен қатар антисептикалық әсер етеді. Осы құрамдас бөліктің негізіндегі препараттар көзде пайда болған ауырсыну мен кесіп ауыруы сезімін, күйдіру сезімін басады. Оны жиі компьютердің алдында ұзақ жұмыс істейтін адамдарға тағайындайды. Препарат түтіннен, қатты желден, шаң-тозаңнан және тұзды теңіз суынан да қорғауы мүмкін. Гипромеллозасы бар препарат та контактілі линза киетін кезде қолданылады. Тамызғаннан кейін бірден бірнеше минут бойына «сурет» бұлыңғыр болуы мүмкін, бірақ кейін барлығы қалпына келеді.
  • Декстран. Тұрақты тығыз жас қабықшасын түзе отырып, көзді толығымен көмкеретін өте қою полимер. Шынайнаның құрғақтығын емдеу үшін қолданылады. Препараттың құрамында өте жиі гипромеллозамен бірге қолданылады. Препарат барлығына жаға бермейді, декстрандар қолданылған тамшыларға көп адамда аллергиялық реакция байқалды. Дәрігермен кеңескен жөн.
  • Карбомер. Осы жоғары молекулярлық полимердің негізіндегі препарат жастың тұтқырлығын арттыруға ықпал етеді және көздің бетінде тұрақты ылғалдандырғыш қабықша түзеді. Осы заттың тамшыларын құрғаз көз синдромы кезінде немесе көздің басқа да аурулары кезінде тағайындалуы мүмкін. Бұның үлкен бір кемшілігі бар: карбомердің негізіндегі препараттар контактілі линза киюмен үйлеспейді. Бұл тамшыларды тамызғаннан кейін кейбір адамдар аз ғана шаншуды және қысқа уақыттық тітіркенуді сезеді, бұл көздің бұлыңғырлауымен сүйемелденуі мүмкін.  
  • Повидон. Бұл зат ылғалғандырғыш және сіңіргіш қасиеттетрге ие, осының арқасында көздің дегидратациясының алдын алып, тітіркену мен құрғақтықтан құтқарады. Повидонның негізіндегі жасанды жас препараты көздің шынайнасы мен конъюнктивасын тиімді ылғалдандырады, оны контактілі линза киетін кезде қолдануға болады. Осы құрамдас бөліктен тұратын тамшылар көздегі бөгде зат сезімін, жағымсыз күйдіру мен қышу сезімін тиімді басады. Сыртқы табиғи тітіркендіргіштерден қорғайды және ұзақ уақыт жүктеме кезінде шаршағанды басады.

Көздің құрғақтығын емдеуге арналған тамшылар әрбір дәріханада еркін сатылады, бірақ оларды сатып алып, пайдаланар алдында офтальмолог-дәрігермен кеңескен жөн. Тамшылар тиімді әсер ету үшін нұсқаулықтарды орындап, сауытты ашқаннан кейін препаратты дұрыс сақтау керек.   

Поделиться с друзьями :
Сатып алу