Кейде бұл қалыпты жағдай сияқты болып көрінеді. Көзді тынықтырмай, оған ұзақ уақыт үздіксіз жүк түсіру, ұзақ уақыт жылау немесе түнді ұйқысыз өткізу адам көзі ағының қызарып кетуіне себепші болуы мүмкін. Бұндай жағдайда аздап демалған соң көздің қызарғаны өздігінен басылатынын білген соң біз әдетте бұған қобалжымаймыз.
Ал кетпесе не істеу керек? Бұл дабыл қағу керектігін немесе көздің қызаруына қарсы жақсы тамшылар жаздырып алу үшін офтальмологқа жүгіру керектігін білдіреді ме ?
Иә деп де, жоқ деп те жауап беруге болады. Дабыл қағудың қажеті жоқ, өйткені көздің қызаруы- офистік қызметкерлердің, гаджетті белсенді пайдаланатын мегаполис тұрғындарының арасында да аса кең тараған мәселе. Сондықтан дәрігерлер баяғыда-ақ бұл жайсыздықты емдеудің тиімді әдістерін дайындап қойған.
Ал көру органына қатысты кез келген шағым туындаған кезде білікті офтальмологтың консультациясына бару ешуақытта артық болмайды. Заманауи диагностика әдістерінің көмегімен маман көздің неліктен қызаратынын анықтап, кейін оңтайлы емдеу сұлбасын құрастырады.
Жылау, көзге шамадан тыс жүктеме түсіру және ұйқының жеткіліксіздігі туралы біз айтып кеттік. Егер біраз уақыт өткеннен кейін бұл жайсыздық өздігінен басылатын болса, бұл қауіпсіз. Енді, болашақта көру қабілетіне қатысты күрделі мәселелерге алып келуі мүмкін себептерді қарастырып көрейік:
Әрбір жағдайда офтальмолог ауру белгісін науқастың өмір салтына, көру қабілетінің көрсеткіштеріне, созылмалы аурулардың бар-жоғына және қабылдайтын дәрілерге орай, барлығын байланыстыра қарастырады. Кейде, осы тізімдегі соңғы екі тармақтағы сияқты, жан-жақты тексеру үшін офтальмологтың өзге дәрігерлермен өзара әрекеттесуі талап етіледі. Мысалы, әңгіме маусымдық аллергия жөнінде болса, аллергологпен.
Әдетте емдеу сұлбасында гиалурон қышқылы негізіндегі ылғалдандырғыш тамшылар маңызды элемент болып табылады. Бірақ құрамында фосфаттар, консерванттар мен басқа да зиянды заттар жоқ жоғары сапалы тамшыларды таңдаған дұрыс. URSAFARM неміс фармакологиялық компаниясы өндіретін ХИЛО-КОМОД және ХИЛО-ГЕЛЬ офтальмологиялық тамшылары осы санатта жетекші болып табылады.
ХИЛО-КОМОД және ХИЛО-ГЕЛЬ тамшыларын денсаулыққа зиян келтірмей, контейнерді ашқан сәттен бастап жарты жыл бойы пайдалануға болады және толық жазылғанша ұдайы пайдалануға болады.