fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Көздің құрғау маусымын ашылды деп есептеуге болады. Өйткені үй-жайдың ішін жылыту маусымы басталды

отопительный сезон

Дала да, пәтердің іші суыған кезде жылуды армандау қалыпты дүние. Жылыну үшін жылыту құрылғыларын барынша жоғары қуатқа қосу да қалыпты жағдай. Біз өзімізді жайлы сезіну үшін осының барлығын жасай отырып, жылыту құрылғыларының ауаны кептіретінін және көздің құрғауы сияқты жағымсыз жанама әсерге алып келетінін ұмытып кетеміз. 

Құрғақ көз синдромы: назар аударуды талап ететін белгілер 

Жыл сайын суық түсе салысымен офтальмологтар көздің құрғауы туралы шағымдарды жиі естіп жатады. Дәрігерге басқа да себептермен қаралуға келген, мысалы, көздің жоспарлы тексеруі үшін, жаңа көзілдірік немесе линза таңдау үшін келген көптеген науқастар көздің құрғау белгілерін сипаттап жатады: 

  • жыпылықтаған кезде көздің құрғау сезімі
  • көздің қызаруы (кейде–таң сәріден, кейбір адамдарда кешке жақын немесе күн ортасынан бастап)
  • көздің қызу сезімі, оларды үйкеу немесе сығырайту
  • қабақтың астына бір нәрсенің түсіп кету сезімі (шын мәнінде көзде ешнәрсе болмаса да, құм, кірпік, түк түскен сияқты сезім)
  • көздің суық немесе жылы ауаға, аязға, желге, күндізгі жарыққа жоғары сезімталдығы 
  • жанаспалы линзаның жылдың өзге мезгілінде жайсыздық тудырмай, осы мезгілде жақпауы

Күз-қыс кезеңінде көздің құрғау синдромының өз ерекшеліктері бар: ол айқынырақ көрініс табады және үнемі көздің құрғауынан зардап шегетін адамдар үшін көптеген қиындықтар тудырады. Сондай-ақ, адамдардың басым бөлігі көздің құрғауына алғаш рет шағымдана бастайды. Себебі- тұрғынүй ішіндегі ауаны қыздыру.

Ауаны қыздыру неліктен көзде жайсыздық тудырады?

Қандай жылыту әдісінің қолданылғаны маңызды емес: үй-жайдың ішінде орталық жылыту жүйесіне қосылған батареялар болуы мүмкін, тұрғынүй отынмен, газбен немесе көмірмен жанатын жеке меншік автномды қазандықпен жылытылуы мүмкін, ауаны алауошақтағы немесе пештегі от та жылытуы мүмкін. Қалай болғанда да жылыту кезінде ауаның ылғалдылығы төмендейді.

Қалыпты жағдайда үй-жайдың ішіндегі ауаның ылғалдылығы 40-60%-ды құрауы тиіс. Бұл жағдайда біз жайсыздық сезінбейміз–мұрынның «құрғауы» сияқты жағымсыз әсерді сезбейміз, көз қызбайды және қызармайды. Ауа тым құрғақ болса, терінің құрғау сезімі пайда болуы мүмкін, шаш электрлене бастайды, суық тию ауруларының ықтымалдылығы артады, өйткені тыныс алу жолдарының аса сезімтал шырышты қабықшасы вирустардан толыққанды қорғай алмайды.

Жылыту маусымы басталған кезде барлық шырышты қабықшалар «құрғайды», оның ішінде- көздің шырышты бөлігі, дәлірек айтқанда- жас қабықшасы, ол шынайнаның бетін көмкеріп, көзді сыртқы әсерлерден қорғай отырып, көзді қоректендіруді және көру сапасын қамтамасыз етеді. Ауа қызған кезде, мысалы, офисте, компьютер алдында жұмыс істейтін барлық қызметкерлер көздің құрғау белгісінің өршу тәуекелі жоғары топқа кіреді. Олар көздеріне артық күш түсіріп қана қоймай, мониторға қарап отырған кезде сирек жыпылықтайды. Ауаның аса қатты құрғауынан жас қабықшасы әдеттегіден жылдам буланып, жайсыздық, қызару, көздің күю әсері жылдам туындайды.

Әдетте, жылыту маусымының келгенін көздің құрғау белгілерін өршітетін басқа да тәуекел факторлары әсер ететін адамдар «өздерінің көзімен сезеді»:

  • үнемі компьютердің алдында жұмыс істейтін адамдар (дизайнерлер, редакторлар, бағдарламашылар, бухгалтерлер және т.б.)
  • жанаспалы линза киетін адамдар 
  • диоптриялары сәйкес келмейтін көзілдірік киетін адамдар (мысалы, егер диоптрииясы көру көрсеткіштері талап ететіннен әлсіздеу болса)
  • жас жасап шығаратын бездердің жұмысына әсер ететін аутоимунды патологиялардан зардап шегетін эндокринді аурулары бар адамдар 
  • гормоналды препараттарды, диуретиктер мен кейбір өзге дәрі-дәрмектерді қабылдайтын адамдар 

Жылыту маусымында көздің құрғауы: бұндай көріністерді қалай азайтуға болады

Жылыту маусымы кезінде күшейетін көздің жайсыздық сезімінен құтылуға көмектесетін қарапайым ұсынымдар бар.

1. Үй-жайдың ішіндегі ауаны ылғалдандыру

Өзіңіз отырған бөлме ішіндегі ылғал ауаның жеткілікті екенін білу үшін төмендегілерді пайдалануға болады:

  • гигрометр (дүкеннен сатып алуға болатын арнайы аспап);
  • су құйылған қарапайым стақан (стақанды жиегіне дейін сумен толтырып, тоңазытқышқа салып +5˚С температураға дейін суытып, кейін тоңазытқыштан шығарып алып, жылыту аспаптарынан немесе терезеден алыс, бөлме ішіне орналастыру; Стақанның қабырғасында пайда болған конденсат 10-15 минуттың ішінде буланып кететін болса, бөлмедегі ауа құрғақ, ал ұзағырақ буланатын болса, бөлме ішіндегі ылғал жоғары; қалыпты ылғалдылық кезінде конденсат жиналмайды деуге болады)

Ауаны ылғалдандыру үшін әртүрлі әдістерді пайдалануға болады:

  • арнайы ауа ылғалдандырғыш 
  • жылыту аспабының немесе батареяның жанындағы суы бар ыдыс (назар аударыңыз: ішінде суы бар ыдысты электр жабдығына жақын қоймаңыз!)
  • бөлме немесе жұмыс жайының ішіндегі аквариум
  • міндетті–үй-жайдың ішін ұдайы желдету

Назар аударыңыз: техникалық талаптар ауаның төмен ылғалдылығын талап етпейтін жағдайда ғана ауа ылғалдандырғышты пайдалануға болады. Сіз мұрағаттық құжаттар, кітаптар немесе жабдық сияқты ылғалға сезімтал жерлерде жұмыс істейтін болсаңыз, жайсыздықтан көзді ылғалдандыру арқылы ғана құтыла аласыз, сондықтан ыңғайсыздық сезінуге тура келеді. 

2. Көздің бетін ылғалдандыру

Жасанды жас препараттары немесе көзге арналған ылғалдандырғыш тамшылар рецептсіз сатылады, бірақ лайықты препаратты офтальмологпен бірге таңдаған дұрысырақ. Жас алмастырғыштар  жылдың суық кезінде теңдесі жоқ қасиеттерге ие:

  • көздің бетін ұзақ уақыт ылғалдандырады 
  • жанаспалы линзаларды киетін кезде жайсыздықтан құтылуға мүмкіндік береді 
  • құрғақ көзді қызару, тітіркену, қабақтың астындағы құм сезімі, жастану сияқты көріністерден құтқарады 
  • ауасы құрғақ үйжайдың ішінде болған кезде жайсыздықты азайтады 
  • көшедегі төмен температураға, желге сезімталдықты төмендетеді   

Көздің құрғау синдромы анықталған адамдарға жасанды жас тамшыларын ұзақ уақыт қолдану ұсынылады. Жанаспалы линза киетін адамдар осындай препараттарды тұрақты пайдаланады. Кейбір адамдарда жас алмастырғышты пайдалану қажеттілігі тек үй-жайды жылытып, оның ішіндегі ауа қатты құрғаған кезде ғана пайда болады. 

Жасанды жас препараттарын таңдаған кезде ұзақ уақыт қолдануға арналған препараттарды таңдауға тырысыңыз, ең оңтайлысы- оның құрамында молекулярлық салмағы жоғары гиалурон қышқылының болғаны дұрыс, өйткені ол ұзақ пайдалану кезінде жанама әсер туғызбайды. Препараттың құрамында консерванттар мен басқа да зиянды заттардың болмағаны дұрыс-бұл жағдайда сіз жанаспалы линза киетін болсаңыз да, тамшыларды пайдалана аласыз. Хило-Комод сияқты құрғақ көзге арналған тамшылар және Хило желісіндегі басқа да препараттар – «құрғақ көз синдромы» диагнозы қойылған адамдар үшін, сонымен қатар үй-жайды жылыту маусымы кезінде көздің құрғауын сезетін адамдар үшін оңтайлы таңдау. Тамшылары бар сауытты ашқаннан кейін   алты ай бойына пайдалануға болады. 

Поделиться с друзьями :
Сатып алу