fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Көздің шаршауы: көру жаттығулары көмектеседі ме?

Көздің шаршауы және қызаруы – компьютер мониторының алдында көп уақыт өткізетіндерге таныс құбылыс. Сізді экранға қаратуға мәжбүрлейтін жұмыс па, не бұл сіздің бос уақытыңызды өткізген түріңіз бе – көздеріңізге бәрібір. Қалай болғанда да, көздеріңіз шаршайды, құрғақтық сезімі пайда болады және ыңғайсыздықтан арылуға бола ма екен деген ой пайда болады.

Жұмыс істей отырып, көздің шаршауын қоздырмау.

Бұған бірнеше ережелер көмектеседі, ыңғайлы болу үшін біз оларды екі топқа бөлдік.

Жұмыс шарттары. Көздер зейін қойғанда көп күш салмауы үшін белгілі бір жағдайлар жасау керек:

  • көзден мониторға дейінгі оңтайлы қашықтықты қолды алға созу арқылы оңай анықтауға болады: экран бетіңізден қолыңызды алға созғандағы қашықтықта болуы керек;
  • көздеріңіз зейін қойғанда қатты күш салмайтындай, оқуға ыңғайлы қаріпті (жай ғана экранның масштабын үлкейтуге болады) және айқындылықты таңдаңыз;
  • жарық жоғарыдан және бүйірден түсуі керек, сондай-ақ мониторда ешқандай жарқыл болмауы керек;
  • қараңғыда компьютерде жұмыс істеуге, планшетті немесе смартфонды қолдануға болмайды – тіпті экрандағы бейне айқынырақ болып көрінсе де, көздер қалыпты жарықтағы кезден гөрі көбірек күш салады, сондықтан көздерде жану сезімі және сөз жасының ағуы пайда болуы мүмкін;
  • бөлмедегі қалыпты ылғалдылықты қамтамасыз етіңіз (шамамен 50%);
  • егер бөлмеде кондиционер немесе желдеткіш жұмыс істеп тұрса, құрылғыдан ауа қозғалысы бар жерде отырмауға тырысыңыз: бұл көздің құрғауын тудырады.

Көзге қамқорлық жасау. Шын мәнінде, қарқынды жұмыс кезінде көру қабілетіңіз бен көздеріңізге көмектесу қиын емес. Бұл үшін:

  • жұмыста үнемі үзіліс жасап тұру керек (оңтайлысы – әр 20 минут сайын 20 секундқа үзіліс жасау және 20 м қашықтыққа қарау – “20х20х20” деп аталатын ереже);
  • егер монитордан жиі бас көтеру мүмкін болмаса, әр 40 минут жұмыс істегеннен кейін 5-10 минут демалуға болады;
  • рефракцияның бұзылуына сәйкес келетін көзілдіріктерді немесе жанаспалы линзаларды қолданыңыз, яғни олар көру қабілетін жақсы реттейді (әйтпесе көздер зейін қойғанда шамадан тыс күш салып, тез шаршайды);
  • зейін қою кезіндегі күш салу мен шаршаудан көзге арналған ылғалдандыратын тамшыларды қолданыңыз (оңтайлысы – гиалурон қышқылы бар көзге арналған тамшылар, мысалы, Хило-Комод);
  • көру гимнастикасына үнемі уақыт табу.

Көру гимнастикасы көз шаршаған кезде көмектеседі ме?

Иә, егер оны үнемі жасасаңыз, көмектеседі. Бастапқыда көзге арналған гимнастика қосымша күш салғандай болып көрінуі мүмкін, сондықтан бұл әдіс шаршауға көмектеседі дегенге сену қиын. Бірақ дәл солай: көздің бұлшық еттеріне күш салу және оларды босаңсыту, әртүрлі қашықтықта орналасқан заттарға көз салу, көзді жабу, қабақтарды алақанмен басу арқылы біз қажетті нәтижеге қол жеткіземіз – көздің шаршауы жойылады, өйткені монитордың алдында қарқынды жұмыс істеген кезде жиі пайда болатын бұлшықет спазмы жоғалады.

Көздер шынымен демалуы үшін қандай жаттығулар жасау керек? Ең қарапайым жаттығулар мыналар: оларды жұмыс орнынан тұрмай-ақ немесе кабинеттен шықпай-ақ жасауға болады.

  1. Орындыққа отырыңыз (тіпті компьютердің алдында қалсаңыз да болады), алақаныңызды ысқылаңыз, көзіңізді жабыңыз, жылы қолыңызды жабық көзіңізге қойыңыз, жылулықты сезініңіз, қолыңызды түсіріңіз. Бұл қарапайым әрекет демалуға көмектеседі. Осыны үш рет қайталаңыз.
  2. Көздеріңізді 10 рет жылдам жыпылықтатыңыз, көзіңізді жабыңыз, 20 секунд тыныш күйде отырыңыз, көзіңізді қайтадан ашыңыз, 10 рет жыпылықтаңыз – жаттығуды 4-5 рет қайталау керек.
  3. Орындықта отырып, қолыңызды тізеңізге қойыңыз. Алдыңызға қараңыз (дұрысы мониторға емес, қандай да бір затқа), деміңізді шығарыңыз, төменге қолдарыңызға қарап, сол қолыңыздың бас бармағына қараңыз, дем алыңыз, алдыңызға қараңыз, дем шығарыңыз, оң қолыңыздың саусағына қараңыз. Жаттығуды 2-3 рет қайталауға болады.
  4. Көзіңізді жұмыңыз, үшке дейін санаңыз, демалыңыз. Жаттығуды 5 рет қайталаңыз.
  5. Терезеге жақындаңыз, алдыңыздағы қандай да бір нүктеге қараңыз (мысалы, терезе тұтқасына, бірақ әйнекке маркермен нүкте салған немесе кішігірім қағаз шеңберді желімдеген дұрыс). Содан кейін алыстағы кез келген қозғалмайтын объектіге көз салыңыз. Жаттығуды 5-10 рет қайталаңыз.
  6. Бұл жаттығудың тағы бір нұсқасы: отырыңыз немесе терезе жанына тұрыңыз, алыс нүктеге қараңыз, мұрныңыздың ұшына көз салыңыз, оған бірнеше секунд қарап тұрыңыз (бастапқыда қиын болады, бірақ аздап жатыққаннан кейін көзіңіздің қарашығын 10 секундқа дейін ұстап тұра алатын боласыз), содан кейін алыс нүктеге қайта қараңыз. Бұл жаттығуды да кем дегенде 10 рет қайталауға болады.

Бұл жаттығулар көру өткірлігін жақсартуға көмектеспейді, бірақ көзге түскен ауыртпалықты жеңілдетуге мүмкіндік береді. Олардың арқасында көру қабілетінің нашарлауын және құрғақ көз синдромының дамуын болдырмауға болады. Бұл компьютерде үнемі жұмыс істейтін адамдардың көпшілігіне төнетін қауіп. Кейбір адамдарда құрғақ көз синдромы айқын көрінеді, кейбіреуінде азырақ байқалады, бірақ кейде көздегі жағымсыз сезімдерге көздеріне көп ауыртпалық түсіретіндердің барлығы дерлік шағымданады. Көру гимнастикасы – бұл мәселені шешудің көмекші әдісі ғана, негізгі ем – көздерге арналған ылғалдандыратын тамшыларды қолдану. Гиалурон қышқылы бар Хило-Комод офтальмологиялық тамшылары көдерді жыпылықтатқан кездегі құрғақтық сезімінен, көздің қызаруынан, көз жасының ағуынан, қабақтың астындағы бөтен дененің сезімінен арылуға көмектеседі.

Поделиться с друзьями :
Сатып алу