fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Көз жастанады. Себебі неде?

Әр адам лезде көзіне жас үйіретін бір сәтті еске түсіруі мүмкін – сүйікті сериалдың драмалық көрінісінен бастап көзге түскен оттың түтініне дейін.  Бірақ көзді жастандыратын басқа да себептер бар. Олардың кейбіреуі  офтальмологиялық аурулардың туындауына алып келуі мүмкін, сондықтан біз ең кең тарағандары туралы әңгімелейміз.

Көздің шамадан тыс жастануы және жанама белгілерінің себептері:

  • Жарақаттану жағдайлары.
    Жиі жарақат алған жағдайда көзден бірден жас аға бастайды. Ашық көзге мысықтық табаны тисе де, жағалау волейболы кезінде доп тисе де, рефлекстік жас ағуға дайын болу керек. Кейінгі реакция жарақаттың зардаптарына байланысты болады. Мынадай белгілер болмаса, тіпті жақты: қызарудың болмауы, қандай да сыртқы жарақат белгілерінің, нормадан тыс жас ағудың болмауы, ауада мөлдір дақтардың пайда болмауы және тағы басқалары. Егер жарақат алған сәттен бастап жеткілікті деңгейде көп уақыт өткен болса, ал көз жастануын қоймаса немесе жоғарыда аталған белгілердің қайсы бірі пайда болса, бірден офтальмологқа қаралу керек. Офтальмолог сізді қарап, тиісті ем тағайындайды, сонымен қатар гиалурон қышқылы негізіндегі жасанды жас препараттарын тағайындауы мүмкін. Әдетте, бұл ХИЛО-КЕА тамшылары, оның құрамында жоғары сапалы гиалурон қышқылынан басқа, жарақатты жылдам емдейтін декспантенол да бар.
  • Жанаспалы линзалар.
    Көздің үнемі жастанып тұруына алып келетін ең кең тараған себептердің бірі. Линзаның жанасуы көздің микро жарақаттануына алып келеді және жас қабықшасын бұзады. Әрине, әрбір жағдайды барлық жағын ескере отырып, жеке қарастыру керек, бірақ көбінесе құрамында натрий гиалуронаты бар жасанды жас тамшылары тағайындалады. Жанаспалы линзаға келетін болсақ, құрамында декспантенолы бар ХИЛО-КЕА тамшылары керемет үйлеседі, олар көру органдарын ылғалдандырып, микро жарақаттарды жазады.
  • Маусымдық аллергия. Ауада ұшып жүрген өсімдік тозаңы көптеген адамдар үшін аллерген болып табылады. Сондықтан көктем-жаз кезінде көшеге шықса болды, олардың көздері жастана бастайды. Бұл жерде тек офтальмологтың ғана кеңесі емес, тиімді емдеу сұлбасын құрастыру үшін аллергологтың да кеңесі қажет. Оған аллергияға қарсы көз тамшылары да қосылады. Көптеген мамандар ХИЛО-ДУАЛ препаратын ұсынады, ол аллергия кезінде қолданылатын керемет препарат болып есептеледі. ХИЛО-ДУАЛ-ң құрамында гиалурон қышқылы мен эктоин бар, олар су мен көздің беткі жасушаларының байланысуын күшейтіп, шынайнада физиологиялық кедергінің түзілуіне ықпал етіп, оны аллергендерден қорғайды.
  • Құрғақ көз синдромы. Бездер жасап шығаратын табиғи таза жас аса жылдам буланып кетеді. Бұл конъюнктива мен көздің шынайнасының құрғап кетуіне алып келеді. Бұл синдром көздің аса қатты жастануын, сонымен қатар қышу, күйдіру, қабақтың астында құмды сезіну, жарыққа жоғары сезімталдық сияқты жағымсыз сезімдерді тудырады. Уақыт өте келе бұл ауру көздің денсаулығына зиян келтіріп, көру қабілетін нашарлатуы мүмкін. Дәрігердің консультациясына барып, кейін ХИЛО-КОМОД тамшыларымен емделу қажет, бұл тамшылардың құрамында консерванттар, фосфаттар мен басқа да зиянды құрамдас бөліктер жоқ. Сондықтан бұл препаратты сауытты ашқан сәттен бастап 6 ай бойы пайдалануға болады.   

Осы мақаланы оқып шыққаннан кейін сіз көз жастанған кезде не істеу керектігін білетін боласыз деп үміттенеміз. Түрлі-түсті әлемді бүге-шүгесіне дейін көру үшін көзіңізге күтім жасаңыз. 

Поделиться с друзьями :
Сатып алу