fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Құрғақ көз синдромы қалай емделеді

Устают глаза при синдроме сухого глаза

Бірінші кезең – “құрғақ көз синдромы” диагнозын қою.

– Офтальмолог пациентке сауалнама жүргізеді, шағымдар, көру жүктемелері, эндокриндік жүйе ауруларының болуы, жасалған офтальмологиялық операциялар, препараттарды (мысалы, гормондар немесе антидепрессанттар) қабылдау және кез келген көз тамшыларын пайдалану туралы сұрастырады.

– Тексеру кезінде дәрігер көздің басқа ауруларының (қабыну, көз жасының түзілуінің немесе бөлінуінің бұзылуы) болуын анықтайды, Ширмер тестін жүргізеді және Норн сынамасын жасайды. 

Екінші кезең – көзге арналған ылғалдандыратын тамшыларды таңдау.

Құрғақ көз синдромын емдеуге арналған препаратты таңдағанда мынадай шарттар ескеріледі:

– ауру сатысы;

– науқас жанаспалы линзаларды кие ме, қашаннан бері;

– пациенттің жұмысы көру қабілетіне тұрақты жүктемелерге байланысты ма;

– гормондық бұзылулары бар ма немесе көз жасының түзілуіне және көзжас қабықшасының сапасына әсер ететін препараттарды қабылдай ма;

– тамшыларды күніне бірнеше рет тамызу мүмкіндігі бар ма немесе мұны, мысалы, таңертең және кешке ғана жасай алады ма (препарат түрін таңдау үшін қажет).

Үшінші кезең – көру қабілетіне жүктемені төмендету және көзге теріс әсерді азайту үшін ұсынымдарды сақтау.

– Жылдың кез келген уақытында ылғалдылықтың 50-60% көрсеткішіне дейін үй-жайлардағы ауаны ылғалдандыру.

– Жеткілікті жарықтандыру кезіндегі жұмыс.

– Жұмыс және демалыс режимін сақтау, көру қабілетіне шамадан тыс жүктемелерден бас тарту, көз бұлшықеттерін босаңсыту үшін жаттығуларды орындау.

– Судың жанында демалған кезде күн жарқырап тұрғанда күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік кию.

– Жанаспалы линзаларға күтім жасау және оларды ауыстыру ережелерін сақтау.

– Ылғалдандыратын көз тамшыларын дәрігер тағайындаған режимде немесе қажет болған жағдайда ғана, бірақ өндіруші кеңес берген жиіліктен асырмай пайдалану.

– Көздің жұқпалы ауруларының дамуының алдын алу үшін жеке гигиена ережелерін сақтау.

Поделиться с друзьями :
Сатып алу