fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Карантин жағдайында көру қабілетін қалай сақтауға болады?

Коронавирус пандемиясына байланысты көпшілігіміздің өмір сүру жағдайымыз күрт өзгерді. Әңгіме тек үнемі төрт қабырғада болу, психологиялық жүктеме, қаржылық тұрақсыздық туралы ғана емес. «Жаңа өмірде» «такси дезинфекторы», «виртуалды мұғалім», «онлайн-доктор» сияқты жаңа мамандықтар пайда болды. Онлайн-концерттер, вебинарлар, спектакльдер мен телекөпірлер үнемі өткізіледі. Сондықтан біз және біздің балаларымыз барлық уақытымызды – бос және жұмыс уақытымызды – гаджеттермен тығыз байланыста өткіземіз. Соның салдарынан көздің құрғау симптомдары немесе жайсыздық, тітіркену, ашып ауру, көздің қызаруы, жарық пен желден жас ағу, бөгде дененің сезімі, көздің шаршауы, бұлдырауы және көріністердің ауырлық дәрежесіне байланысты басқа да жағымсыз симптомдар кіретін компьютерлік көру синдромы жиі пайда бола бастады. Бұл шағымдар компьютер, планшет, телефон экранының алдында ұзақ болғандықтан пайда болуы мүмкін.

Табиғатта серуендеудің болмауы және үй – жайлардағы ауаның құрғақтығы, дем алатын ауада қолымыз бен заттарымызды өңдейтін химиялық заттар жүзінділерінің болуы – осының барлығы көздің алдыңғы бетінің өзгеруіне әкеледі. Әсіресе, жанаспалы линзаларды киетіндер, көздеріне операция жасалғандар, консерванттар бар тамшыларды үнемі пайдаланатындар (глаукома кезінде) бұл жағдайды ауыр көтереді. Сондай-ақ дәнекер тіннің жалпы жүйелік аурулары (ревматоидты артрит, ЖҚЖ), қант диабеті, контрацептивтерді, антигистаминді, несеп айдайтын және басқа да көптеген препараттарды қабылдау жағдайды ауырлатады.

Симптомдарды уақытылы жою үшін, олардың асқынып кетуін күтпестен, ересектерге де, балаларға да қолайлы, қауіпсіз, пайдаланғанда ыңғайлы ылғалдаушы препарат қажет. Консерванттар мен бояғыштарсыз сақтаудың ерекше жағдайларын талап етпейтін дәрі қажет, оңтайлысы – тез бітпейтін дәрі. Барлық осы параметрлерге түпнұсқалы пластикалық контейнердегі, құрамында натрий гиалуронаты (1мг) ылғалдандыратын компоненті бар, тамызу кезінде ыңғайлы және жанаспалы линзалармен үйлесімді ХИЛО-КОМОД препараты жауап береді.

Ылғалдандыратын тамшыларды егер жоғарыда айтылған шағымдарыңыз болса немесе олардың алдын алу үшін пайдалану керек. Сондай-ақ бөлмені желдетіңіз, ауаны ылғалдатқышты пайдаланыңыз, судың жеткілікті мөлшерін ішіңіз, көру қабілетіне жүктеме түскен кезде үзіліс жасаңыз, көзіңізді жиі жыпылықтатыңыз, көзге арналған жаттығуларды жасаңыз.

Өз көру қабілетіңіз бен балаларыңыздың көздеріне мұқият болыңыз!

Құрметпен, енді «виртуалды» отбасылық офтальмолог Блюм Елена Александровна жоғары санатты дәрігер, глаукоматолог, оптометрист, “Ғылыми Авангард” ТМД жас ғалымдар тобының мүшесі, Ресейлік глаукома қоғамының мүшесі, түркі тілдес елдердің рефрактологтары мен катарактологтары қоғамының мүшесі (TCOD).

«Mediker 4K» клиникасы, Шымкент қ., Бейбітшілік көш. 2б

Поделиться с друзьями :
Сатып алу