fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Көзді офтальмологиялық жарақаттан қалай қорғауға болады

Почему портится зрение? Спросите у врача

Біздің көзіміз – маңызды және күрделі оптикалық “құрал”. Оның функциясының арқасында біз қоршаған әлемді жарқын бояуда көреміз. Алайда, бұл “құралдың” үздіксіз жұмыс істеуі бірқатар факторлар мен сыртқы әсерлерден зардап шегуі мүмкін. Егер іркіліс болса, жағымсыз сезім, ауырсыну және ашып ауыру пайда болады.

Көздегі жайсыздық пен ауырсынудың бірнеше себептері бар. Ең кең тарағаны – бөгде дененің түсуі және соның салдарынан мөлдір қабық пен көз конъюнктивасының механикалық зақымдануы. Мұндай проблема көру қабілетінің нашарлауына және офтальмологиялық ауруларға әкелуі мүмкін.

Көздегі ең кең таралған “қылтық” – адамның өзінің кірпігі. Сондай-ақ, көзге құмдар немесе макияждың бөліктері жиі түседі. Кірпік – ең зиянсыз ластану, өйткені ол көз жасымен оңай шайылады. Ал ағаш қабығының бөліктері, жоңқалар, ұсақ бұтақтар немесе жердің бөліктері қауіптірек, өйткені олармен бірге көзге инфекция түсуі мүмкін. Егер көздің кедергісін уақытында жоймаса, ауырсыну сезімдері арта бастайды. Көз жасаурай бастайды, жиі жыпылықтатқың келеді, шаншып ауыру және ашып ауыру пайда болады. Бұдан қалай тезірек құтылуға болатындығы жөнінде ғана ойлауға тура келеді.

Сіз бөтен денені өз бетіңізше алып тастауға тырысуыңыз мүмкін. Көзді жиі жыпылықтату және көз жасының жиі бөлінуі кедергіні көзден қандай да асқынусыз шайып шығуы мүмкін. Бірақ егер қарапайым әрекеттер көмектеспесе, қолыңызды жақсылап жуып, көзден бөгде денені өз бетіңізше шығаруға тырысуыңызға тура келеді. Жақсы әсер үшін көзді физерітіндімен немесе ХИЛО-КОМОД “жасанды жас” препаратымен шаю керек. Бұл препараттың құрамына гиалурон қышқылы кіреді, ол химиялық қасиеттері бойынша адамның табиғи көз жасына өте жақын.

Тіпті егер сіз “қылтықты” өз бетіңізше алып шықсаңыз да, кейінгі алдын алу шаралары туралы ұмытпаңыз. Көздің мөлдір қабығы мен шырышты қабығын зақымдап алу оңай, сондықтан инфекция дамуы мүмкін. Конъюнктива тазартылғаннан кейін, тәулік ішінде жағымсыз сезім, қызару және шаншып ауыру болуы мүмкін. Жағдайды құрамында декспантенол бар препараттармен жеңілдетуге болады. Олар шырышты қабықты және зақымдалған мөлдір қабықты тезірек қалпына келтіруге көмектеседі.

ХИЛО-КЕА препаратының құрамына кіретін декспантенол пантотен қышқылы (В тобының дәрумені) затының ізашары және қазіргі аналогы болып саналады. ХИЛО-КЕА тамшыларының құрамына сондай-ақ гиалурон қышқылы кіреді, ол құрамы бойынша адам жасына өте жақын. Тамшылар аурудың себебін жоюға, қосымша ылғалдауды қамтамасыз етуге, жас қабығының құрамын тұрақтандыруға қабілетті. Бұл ретте декспантенол мөлдір қабықтың механикалық зақымдануының жазылуын тездетеді.

Құрғақ көз синдромының пайда болуы көзге қылтықтың түсуіне ұқсайтын жағымсыз сезімнің тағы бір себебі болуы мүмкін. Симптомдары көзге бөгде дененің түсуімен өте ұқсас, бірақ аурудың мәні басқада. Құрғақ көз синдромы көру қабілетінің бұзылуымен, жас қабығының тұрақсыз түзілуімен, жайсыз сезімдермен, мөлдір қабық пен конъюнктиваның дегенеративті өзгерістерімен бірге жүреді.

Зерттеулерге сәйкес, құрғақ көз синдромынан ересек адамдардың 10-дан 30%-на дейін зардап шегеді. Себептері бірнеше болуы мүмкін, бірақ олардың барлығы табиғи көз жасының жеткіліксіз пайда болуына, оның сапасының өзгеруіне әкеледі, нәтижесінде жас қабыршығы өз функцияларын жеткіліксіз орындайды.

Көз жасы сұйықтығы жеткіліксіз болғанда, көздің қосымша ылғалдануын қамтамасыз ету қажет. “Құрғақ көз” синдромы кезінде арнайы ылғалдандыратын тамшыларды қолдануға кеңес беріледі. Хило-Комод – бұл адам ағзасындағы табиғи сұйықтықтардың аналогы гиалурон қышқылы бар өте тиімді препарат. Натрий гиалуронаты су молекулаларының белсенді қосылуына ықпал етеді, нәтижесінде көз бетінде біркелкі қабыршық пайда болады. Ол көзді инфекциядан, құрғаудан және тітіркенуден қорғайды. Тамшылар мүлдем қауіпсіз, себебі құрамында консерванттар мен фосфаттар жоқ.

Поделиться с друзьями :
Сатып алу