fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Компьютермен жұмыс істеу кезінде көзді қалай қорғауға болады. IT-мамандарға кеңестер

Как защитить глаза при работе за компьютером?

ІТ-саласындағы мамандар саны жыл сайын артып келеді. Қазіргі нарықта бұл ең көп сұранысқа ие және жақсы төленетін мамандықтардың бірі. Жас мамандар перспективаны сезініп, оның салдары туралы, атап айтқанда – денсаулыққа ықтимал қауіп-қатерлер туралы ойланбастан, кәсіпке басымен кірісіп кетеді. Бірінші кезекте тәуекелдер мынадай факторлармен байланысты:

  • отырған қалыпта ұзақ уақыт жұмыс істеу;
  • мониторлар мен гаджеттерден электромагниттік сәулелену;
  • қол буындарына түсетін жоғары ауыртпалық;
  • күйзеліс, мерзімдерді сақтауға тырысу және ақпарат мөлшерінің көптігі;
  • көру қабілетіне түсетін жоғары ауыртпалық және көздің шаршауы.

Көру жүйесі осындай кернеулі режимде жұмыс істеген кезде бас ауруы, ұйқысыздық, ұйқышылдық, қатты шаршау және күйзеліс пайда болуы мүмкін. Дәрігерлер тіпті “компьютерлік көру синдромы” сияқты жағдайды айтады.

Ғалымдардың зерттеулері дәлелдегендей, негізінен көру қабілетіне компьютерлік монитордан сәулелену емес, қарқынды жұмыс істеуіне байланысты көздің жеткілікті ылғалдануының төмендеуі қауіпті болып табылады. Бұл көз суретке бейімделуге тырысқан сәтте көзді жыпылықтатудың азаюына байланысты болады. Нәтижесінде, ылғалдану деңгейі төмендейді. Мұндай жағдайға жол бермеу үшін және жақсы көру қабілетін сақтау үшін монитор алдында отыру уақытын азайтуға кеңес беріледі. Бірақ барлық IT-мамандар кеңес берілген режимді сақтай бермейді. Көбінесе олар тәулігіне 8 сағаттан астам уақыт монитор алдында отырады.

Компьютермен жұмыс істеу мониторда пайда болатын ақпаратқа жоғары көңіл бөлуді талап етеді. Көз көп күш жұмсайды, нәтижесінде көру қабілеті нашарлауы мүмкін. Көру анализаторы үнемі бірнеше деңгейде күш жұмсайды: сенсорлық (көз торы іске қосылған), бұлшықет (көз бұлшықеті жұмыс істейді), орталық (мидың жұмысы). Осылайша сығырлықтың даму қаупі артады, көру нашарлайды және құрғақ көз синдромы дамиды.

Көзде жайсыздық пен жағымсыз сезім пайда болғанда, көптеген адамдар бұл құрғақ көз синдромының алғашқы белгілері деп күдіктенбейді. Егер бұған дер кезінде назар аудармаса және емдеуге кіріспесе, онда жайсыздық сезімі елеулі проблемаларға айналуы мүмкін. Проблеманың алдын алып, профилактикамен айналысқан, атап айтқанда – көзді жасанды жаспен ылғалдандырған жөн. Осылайша сіз:

  • жағымсыз қышудың, көзді жыпылықтату кезіндегі құрғақтықтың, шаншу мен ашып аурудың;
  • жұмыс күнінің соңында көздің шаршауы және қызаруының;
  • көзде шаншу мен құм сезінудің;
  • көз жітілігінің және жарыққа жоғары сезімталдықтың төмендеуінің;
  • жанаспалы линзаларды тұрақты пайдалану кезінде жайсыздықтың пайда болуының алдын ала аласыз.

Денсаулық проблемаларын болдырмау және қалыпты көру қабілетін сақтау үшін біз ХИЛО-КОМОД тамшыларын пайдалануға кеңес береміз. Олар ауыр аурулардың дамуын болдырмайды, қосымша ылғалдануға ықпал етеді және көзжас қабығының өндірілуін қалыпқа келтіреді. ХИЛО-КОМОД – табиғи полисахарид болып саналатын және ағзадағы барлық сұйықтықтардың құрамына кіретін гиалурон қышқылы бар су негізіндегі препарат. Препаратта фосфаттар мен консерванттар жоқ, қауіпсіз және күнделікті қолдануға жарамды.

Натрий гиалуронатының судың молекулаларын байланыстыру қасиеті бар, олар кейіннен көз бетінде тұрақты жұқа қабыршақты құрайды. Бұл инфекцияның түсуінен, тітіркенуден және ерте құрғаудан көз қорғайды. Препарат COMOD жүйесі бойынша жасалған стерильді қаптамаға салынған. Бұл сұйықтыққа бактериялардың енуіне алаңдамай, құтының ішіндегісін ашқаннан кейін 6 ай бойы пайдалануға мүмкіндік береді.

Поделиться с друзьями :
Сатып алу