Егер бұрын қашықтықтан оқыту аз ғана отбасылардың таңдауы болса, қазір әлемнің көптеген елдерінде карантиндік шараларға байланысты мектеп оқушылары мен студенттерге онлайн оқыту әдетке айналды. “Қашықтықтан оқыту” – бұл барлығымыз үшін уақытты, оқу процесін ұйымдастырудың жаңа тәсілі, сондай-ақ… көру қабілетіміз үшін жаңа ауыртпалық. Компьютердің алдында оқу қажеттілігіне байланысты көздің қызаруы көптеген жасөспірімдер мен жастар үшін шындыққа айналды.
Неліктен компьютер алдында сабақ оқыған кезде кабинетте немесе аудиторияда әдеттегі сабақ оқығанға қарағанда көздеріңіз қаттырақ қызарады? Себебі мониторға ынталанып қарау қажеттілігі – көру қабілеті үшін бірсарынды ұзақ жүктеме болып табылады. Аудиторияда мұғаліммен жұмыс жасай отырып, мектеп оқушысы немесе студент үнемі көзін не дәріскердің өзіне немесе мұғалімге, не бірдеңе жазылған тақтаға, не жазу үшін дәптерге аударады. Кейде ол жай ғана көңілі бөлініп, терезеге немесе сыныптастарының біріне қарайды. Яғни, көз бен адам қарайтын заттар арасындағы қашықтық үнемі өзгеріп отырады.
Компьютер алдында қашықтықтан сабаққа “қатысқанда” не болады? Әрқашан бір қашықтықта орналасқан мониторға қараймыз. Мұғалім де, тақта да, тапсырмалар тізімі де – сол бір монитор. Яғни, көздің босаңсуға мүмкіндігі жоқ – ал көздің бұлшықеттерінің босаңсуы, объектіге дейінгі қашықтық өзгерген кезде орын алатыны белгілі. Сондықтан көздің ширығуын жеңілдететін жаттығулар қатарына көзқарасты бір объектіден алыс немесе жақын орналасқан объектіге аудару сияқты қарапайым әрекет кіреді.
Мониторға үнемі қарау қажет болса, бірнеше проблемалар туындайды:
Қашықтықтан сабақ оқығаннан кейін немесе монитор алдында ұзақ жұмыс істегеннен кейін көздің қызаруына шағымдар өте жиі кездеседі. Әдетте, екі көздің де қызаруы жиі кездеседі. Алайда, бұл қашықтықтан қарқынды өткізілген сабақтардан немесе компьютерде үздіксіз жұмыс істегеннен кейін бірнеше аптадан соң (ал кейбір жағдайларда, тіпті бірнеше күннен соң) пайда болатын жалғыз симптом емес. Сондай-ақ мынадай симптомдар пайда болуы мүмкін
Көздің қызаруы, көз жасының ағуы, ауырсыну, қышу, құрғақтық – бұл көздің шаршауының белгілері ғана емес, сонымен қатар құрғақ көз синдромы. Қарқынды қашықтықтан оқу немесе компьютерде жұмыс істеу кезеңінде ол көптеген адамдарға қауіп төндіреді, бірақ қауіпті топқа жататындар мыналар:
Біздің өмірімізде қашықтықтан оқыту ұзақ уақытқа созылатын сияқты. Кейбір жағдайларда бұл өте ыңғайлы болып шықты, сондықтан ол карантиннен кейінгі кезеңдерде де оқу орындарының күнделікті тәжірибесіне енуі мүмкін. Сондықтан көздің қызаруына, көз жасының ағуына, құрғақтыққа және жайсыздыққа шағымдар тіпті өте жас адамдар арасында жиі кездесетін болады. Бұл симптомдардың пайда болуын болдырмау немесе олардан тез құтылу үшін кейбір ережелерді сақтау керек:
Есте сақтаған жөн: балаға, тіпті жасөспірімге ересектердің бақылауынсыз жасанды көзжас тамшыларын қолдануға рұқсат бермеңіз.
Тағы бір маңызды жайт: компьютер алдында қашықтықтан сабақ оқу кезінде немесе монитор алдында жұмыс істеу кезінде кез келген адам жасына қарамастан үзіліс жасап, далаға шығып, бой жазып, мойын мен арқаға арналған бірнеше жаттығулар жасау керек. Сондай-ақ, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде тұтынуды ұмытпаңыз: балалардың, жасөспірімдер мен ересектердің ағзасы таза ауыз суға мұқтаж.