Біздің көздеріміз бен теріміз – ультракүлгін сәулелердің әсерін қабылдағыш органдар. УК-сәулелер жойқын әсер етпеу үшін қосымша қорғанысқа да көңіл бөлу қажет. Сол үшін күн ашық кезде күннен қорғайтын көзілдірік киюге кеңес беріледі. Жарқыраған шыжыған күннің салдарынан құрғақ көз синдромы, тіпті кейде көздің одан да ауыр проблемалары пайда болуы мүмкін.
Ультракүлгін сәулелер – оптикалық сәулеленудің нысаны. Оларды адам көзбен көре алмайды, өйткені олар көрінетін жарық пен рентген сәулесінің арасындағы біз үшін көрінбейтін диапазонда орналасқан. Ультрафиолет кез келген ауа райында, жылдың кез келген уақытында ағзаға әсер етеді. УК сәулелер біздің көзімізге үнемі әсер етеді және ол үшін күнге қараудың қажеті жоқ. Біз күн сайын қабылдайтын УК-сәулеленудің жалпы санының шамамен 50%-ы шашыраңқы немесе шағылысқан жарыққа тура келеді: судан, қардан, әйнектелген беттен, құмнан және т.б. шағылысу. Бұлтты күндері УК сәулесі күн жарқырап тұрған кездегідей қарқынды емес, бірақ ол бәрібір болады.
Ультрафиолет біздің көру қабілетімізге тікелей әсер етеді. Егер күн сәулесі көзге ұзақ әсер етсе, бұл катаракта, фотокератит, птеригиум, пингвекула, макулодистрофия сияқты аурулардың дамуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, егер көз түбінде туа біткен пигментті дақтар бар болса, онда уақыт өте келе ультрафиолеттің тұрақты әсерінен олар қатерлі меланомаға айналуы мүмкін. Сондықтан жарқын күн – біздің көзімізге жағымды әсер ете қоймайды.
Күннің көру органына әсерін елемеуге болмайды. Ультрафиолет мөлшері тым көп болғанда, көзді қорғайтын көзжас қабыршағы бұзылады. Көзжас сұйықтығының өндірілуінің азаюы, сондай-ақ оның табиғи құрамының өзгеруі көздің құрғау сезімінің пайда болуына, тітіркенуі мен қызаруына, шаншу және ауырсыну сезіміне әкеледі. Уақыт өте келе кератоконъюктивитке (құрғақ көз синдромы) немесе көру өткірлігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін қауіпті симптомдарды елемеуге болмайды.
Ультрафиолет барлық жерден өтеді және үнемі біздің айналамызда болады, сондықтан көзге де үнемі күтім жасау керек. Пациенттер офтальмологтарға қаралғанда көздегі құрғақтыққа және жыл бойы орын алатын басқа да жағымсыз сезімдерге шағымданады. Көзді күннен қалай қорғаған дұрыс? Бірнеше тиімді жолдары бар:
Ультрафиолет көзімізге ойлағанымыздан әлдеқайда қатты әсер етуі мүмкін. Бірақ осында келтірілген кеңестерді ұмытпасаңыз, көптеген проблемалардан құтылуға болады. Көру қабілетіңізді қорғауға жұмсалатын қаражатыңызды аямаңыз, көзіңізді УК сәулесінен қауіпсіздендіріңіз. Сондай-ақ, тіпті аздаған жайсыздық туындаған жағдайда офтальмологқа қаралыңыз.