fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Балалар қабақтарының қабыну ауруларын емдеу

Қабақтың қабыну аурулары – блефариттерге, соңғы уақытқа дейін жеткіліксіз көңіл бөлінді, бірақ бұл патологиядан халықтың төрттен бірінен астамы, оның ішінде балалар зардап шегеді. Блефариттер – бұл қабақ жиегінің қабынуы, ол жайсыздық сезімін тудырады және пациенттерімізге біраз алаңдаушылық туғызады. Негізгі шағымдар – қышу, көздің тез шаршауы, қабақтың қызаруы және косметикалық ақау.

Блефариттер алдыңғы және артқы болып бөлінеді:

Алдыңғы блефариттер

  • жұқпалы емес (себореялық, уытты, аллергиялық)
  • жұқпалы (бактериялық, вирустық, паразиттік)

Артқы блефариттер

  • мейбоми бездерінің дисфункциясынан туындаған блефарит
  • мейбомииттер

Клиникалық формалар мен этиологиялық факторлардың әртүрлілігі бұл патологияны диагностикалау мен емдеуге саралап қарау қажеттігін көрсетеді.

Балаларда блефариттер аясында теріскендер мен халазиондар (мейбоми жылауықтары) жиі дамиды. Теріскен бактериялық инфекция аясында пайда болады (90% жағдайда алтын түстес стафилококк), және көбінесе иммунитет әлсіреген кезде, суық тиюден кейін байқалады. Сыртқы және ішкі теріскен болып бөлінеді. Екі форманың белгілері – қабақтың жиектерінің қабынуы және ісінуі, қызару (гиперемия) және ауырсыну. Адекватты емдеу кезінде хирургиялық араласудың қажеттілігі сирек туындайды, жиірек ішкі теріскен кезінде қажет болады.

Халазионның даму себебі мейбоми безінің, қабақтың шеміршек пластинасының май безінің бітелуі болып табылады. Клиникалық түрде халазион шеміршектің қалыңдығындағы тығыз дөңгелек түзіліммен көрінеді, ұлғаю шамасына қарай ісінгендікті және косметикалық ақауды қалыптастыра отырып, тері жағынан байқалатын болады. Халазионның даму факторлары асқазан-ішек жолдарының аурулары, ішек құрт инвазиясы, қандағы қант деңгейінің артуы (міндетті түрде диабет емес, рациондағы тәттілердің артық болуы мүмкін), ағзаның қорғаныс күштерінің төмендеуі, авитаминоз, үй-жайлардың тозаңдануы болуы мүмкін. Менің бақылауым бойынша, блефариттер түзетуі дұрыс таңдалмаған балаларда немесе алыстан көргіштік кезінде көзілдірік пайдаланбайтын балаларда жиі пайда болады. Халазион дамуының алдын алу үшін көзілдірікті дұрыс және уақтылы таңдау, тамақтану режимін сақтау, гастроэнтерологтан консультация алу, суық тию ауруларының алдын алу қажет. Емдеу қажетсіз салдарды, асқынуларды және хирургиялық араласуды төмендету үшін кешенді және уақтылы болуы тиіс.

Қабақтың қабыну ауруларын емдеу кезінде құрамында биброкатол белсенді заты және қосымша заттар: парафин және ланолин бар Посиформин 2% препараты тиімді.  Посиформин балаларға 10 күн бойы қабаққа түнде, қабынуға қарсы препараттың және жас алмастырғыш Хило-Комодтың инстилляциясының аясында тағайындалады. Посиформиннің тағайындалуы қабақтың қабыну ісінуінің төмендеуіне, мейбоми бездерінің жұмысын жақсартуға әкеледі. Хило-Комод мөлдір қабыққа қатысты қажетті тұтқырлыққа және жоғары адгезивті қасиеттерге (іліну) ие, соның арқасында тамшы мөлдір қабықтың бетінде біркелкі, ұзақ уақыт бойы сақталатын жас қабыршағын құрайды, ол көзді жыпылықтатқан кезде шайылмайды және көру өткірлігінің төмендеуін туындатпайды. Осылайша көз блефарит кезінде жиі пайда болатын құрғақтық пен тітіркену сезімінен қорғалған. Блефаритті емдеу кезіндегі бұл схема – Посиформин және Хило-Комод – белсенді қолданылады және емдеудің табысты нәтижелерін қамтамасыз етеді.

Өзіңізге және жақындарыңызға күтіммен қараңыз!

Абилкасимова Асель Амангельдиевна, балалар дәрігері офтальмолог, жоғары санат, Нұр-Сұлтан қ. “UMC” КҚ Республикалық диагностикалық орталығы, Сығанақ көш. 2, call center 75-15-50, 75-15-70

Поделиться с друзьями :
Сатып алу