fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Линза киетін кезде тамшыларды қалай таңдау керек

Баяғыда линзалар адамға айдың бетін зерттеуге, алыстағы жаңа жерлердің жағалауын көруге және фотосуреттер арылы өмірдің жарқын сәттерін сақтап қоюға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда олар миллиондаған адамға өмірді бұрмалаусыз көруге мүмкіндік беріп отыр. Бірақ жанаспалы линза киюдің, өкінішке орай, күрделі кемшілігі де бар- олар көз шынайнасының жылдам кеуіп кетуіне ықпал етеді. Нәтижесінде құрғақ көз синдромы пайда болуы мүмкін.

Бұл көру қабілетінің төмендеуіне және басқа да жағымсыз зардаптарға алып келуі мүмкін қауіпті дерт. Бұл дерт әрбір линза пайдаланушы білуге тиісті әдеттегі белгілермен сүйемелденеді.    

Жанаспалы линзаны кию салдарынан құрғақ көз белгілері: 

  • Көз компьютердің алдында ұзақ отырмай-ақ линзадан да қызаруы мүмкін. 
  • Линзаны кигенде де, шешкенде де көз қатты жастанады. 
  • Көзде бөгде заттың тұруы немесе линзалардың дұрыс орналаспауы сезімі.
  • «Көзде құм», күйдіру, тітіркену, қышу сезімі.
  • Көру органдарының қабыну сезімі.
  • Көру арқылы қабылдаудың нашарлауы,   сейілтіп көру.
  • Күндіз киген кезде – ұйықтап тұрғанда жағдайдың анық жақсаруы.

Бұндай жағдайда көп адам линза киген кезде көзді ылғалдандыруға арналған тамшылар туралы ойлана бастайды. Бұл үшін бастапқыда білікті офтальмологпен кеңесу керек.  Жоғарыда аталған белгілер  ұзақ уақыттан бері мазалап жүрсе немесе күшейіп келе жатқан болса, міндетті түрде қаралу керек. Білікті маман емдеу сұлбасын құрастырып, оның құрамына линзаның үстінен тамызатын көз тамшылары кіреді.   

Жайсыздық пен тітіркенуге шыдап жүре бермей, дәрігерге ертерек қаралған дұрыс. Егер олар жиі туындайтын болса,  қабыну процесінің өршуіне себепші болуы мүмкін, ал ол ұзақ әрі қиын емделеді. Сондай-ақ линзаны немесе оларды өндірушінің талаптарына сәйкес кию мен сақтау режимін жылдамырақ ауыстыру маңызды, сонымен қатар үнемі гигиенаны сақтау керек. Көздің құрғақтығына қарсы тамшылардың ең жоғары сапалы гиалурон қышқылының негізінде болғаны дұрыс.    

Линзаны немен жуу керек? Бұл жерде барлығы оңай – ықшам қаптамалардағы арнайы стерилді ерітінділер бар, олар сөмкеге немесе автомобильдің  қобдишасына оңай сыйып кетеді. 

Жанаспалы линзаларға арналған тамшылар тиімді әсер етеді ме?

Білікті офтальмологтар мен жанаспалы линзаларды өндірушілердің пікірінше, олар өте тиімді. Сондай-ақ, линзаларға арналған сапалы ылғалдандырғыш тамшыларды ұдайы пайдаланып отыру ұсынылады. Біз жоғары жазғандай, бұл гиалурон қышқылы негізіндегі препарат болуы керек. Және құрамында зиянды құрамдас бөліктердің болмағаны дұрыс. Сонда жанаспалы линзаларды күнделікті кию көру органдарының денсаулығына зиян тигізбейді.

Натрий гиалуронаты өз көлемінен артық су мөлшерін байланыстыру қабілетіне ие. Осылайша, көздің шынайнасы үнемі ылғалданып тұрады. Сондай-ақ бұл құрамы бойынша көз бездері жасап шығаратын адамның табиғи жасына жақын зат. Сондықтан дәрігерлер линза кигеннен кейін гиалурон қышқылы негізіндегі тамшыларды жиірек ұсынады.   

URSAPHARM неміс фармакологиялық компаниясы өндіретін ХИЛО-КОМОД және ХИЛО-КЕА препараттары көшбасшы препараттар болып табылады. Олардың құрамында жоғары сапалы гиалурон қышқылы бар, ал консерванттардан, фосфаттар мен басқа да зиянды құрамдас бөліктерден аулақ. ХИЛО-КЕА-ң құрамында микро жарақаттарды жылдам емдеуге көмектесіп, қабынуды басатын декспантенол да бар. Сондықтан көздің құрғақтығына қарсы дәл осы тамшылар дәрігерлер мен науқастар арасында кең танымал.   

Сіз көздің жайсыздық сезімінен құтылу үшін іздеу жолына «хило комод» немесе «хило кеа» деп енгізіп, осы мақалаға тап болсаңыз, сіз дұрыс таңдау жасадыңыз. Енді емдеу курсын ұстанып, осы препарат қаптамасын тастамай өзіңізбен бірге алып жүру ғана қалды.   

  

Поделиться с друзьями :
Сатып алу