fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Анағұрлым кең тараған көз аурулары

Проверять зрение необходимо регулярно

Офтальмологиялық мәселелер кез келген жаста туындауы мүмкін. Кейбір аурулар туа біткен болуы мүмкін немесе гендік деңгейде берілуі мүмкін. Жиі көру қабілетіне байланысты мәселелер адамның тіршілік әрекеті барысында туындайды және мамандардың араласуын талап етеді. Көз аурулары арнайы әдістемелердің көмегімен немесе хирургиялық жолмен түзетілуі мүмкін. Сонымен қатар тұрақты демеуші терапияны талап ететін көптеген емделмейтін паталогиялар да бар. Офтальмологтың тәжірибесінде анағұрлым жиі кездесетін көз ауруларын қарастырып көрейік. 

Алыстан нашар көру және алыстан көргіштік 

Бұл кең тараған аурулар – патология туралы осылай айтуға болса, бұл екеуі бір-біріне толығымен «қарама-қарсы». Алыстан нашар көру кезінде заттарды жақын қашықтықтан жақсы көруге болады, яғни оларды көзге барынша жақындату керек немесе оларға барынша жақындау керек. Алыстан көргіштік кезінде барлығы керісінше. Бірақ бұл екі ауру да көздің оптикалық жүйесінің жарықтың сынуына бейімделу қабілетінің бұзылуы салдарынан туындайды. Бұл аурулар көбінесе көзілдірік кию, лазерлік түзету немесе линза кию арқылы түзетіледі.

Астигматизм

Бұл аурудан зардап шегетін адам заттарды анық көрмейді, олардың әлсіз, бұлдыр кескінін көреді. Бұл патология шынайнаның, көзбұршақтың немесе көздің нысанының дұрыс болмауы салдарынан туындайды. Астигматизмнің белгілі бір деңгейі көп адамда болуы мүмкін, бірақ бұл ақау барлығында дерт ауқымына дейін өрши бермейді. Астигматизмнің алғашқы белгілері пайда бола салысымен дәрігерге қаралу керек, өйткені бұл мәселені елемеу көру қабілетінің төмендеуіне немесе қылилыққа алып келуі мүмкін.  

Құрғаз көз синдромы 

Офтальмологтарға адамдар жиі «құрғақ көз синдромы» деп аталатын мәселелемен жүгінеді. Компьютерлерді, планшеттерді, телефондарды және басқа да гаджеттерді тұрақты пайдалану салдарынан көздің шамадан тыс талып кетуі осы дерттің туындау себебі болып табылады. Бұл жалғыз фактор емес, бірақ осы аурудың туындауына ықпал ететін ең кең тараған фактор. Адамның көзінде құрғақтық пен күйдіру сезімі пайда болады. Құрғақ желді ауа-райында немесе шаң-тозаң көп жайдың ішінде, жылыту жүйесі жұмыс істеп тұрған бөлменің ішінде жайсыздық күшейе түседі. Табиғи жастың тапшылығынан жағымсыз сезімдер пайда болады. Арнайы тамшылардың көмегімен көзді қосымша ылғалдандыруды қамтамасыз етуге болады. Құрамында гиалурон қышқылы- табиғи жасқа бара-бар құрамдас бөлік бар Хило Комод препараты ең үздік құралдардың бірі болып табылады. Сонымен қатар дәріханаларда Хило-Дуаль препараты да ұсынылады, бұл құрамында гиалурон қышқылынан басқа тағы да бір құрамдас бөлік – эктоин бар препарат, бұл препаратты құрғақ көз синдромы кезінде де, сондай-ақ көздің аллергиялық тітіркенуі кезінде де қолдануға болады.   

Катаракта

Көз бұршағының ішінара немесе толық бұлыңғырлауын катаракта деп атайды. Бұл ауру кезінде адам қоршаған әлемді жартылай мөлдір қабықша арқылы көреді. Бұл дерт көбінесе егде жастағы адамдарда өршиді. Бұл аурудың өршуіне төмендегі факторлар себепші болуы мүмкін: 

  • қант диабеті;
  • алкогольге немесе есірткіге тәуелділік;
  • шылым шегу;
  • иммунтапшылығы;
  • басқа да көз аурулары.

 Бұлыңғыр тартқан көз бұршағын жасанды интраокулярляқ линзаға алмастыратын хирургиялық араласу анағұрлым тиімді емдеу әдісі болып есептеледі.

Глаукома

Бұл көз ішіндегі қысымның артуы кезінде туындайтын қауіпті дерт. Бұл дерт бір көзді немесе бірден екі көзді де шарпуы мүмкін. Дәрігерге дер кезінде қаралмаған жағдайда көз жүйкесінің  атрофиясы туындап,салдарынан көру қабілетін жоғалтуына алып келуі мүмкін. Бұл ауру емделмейді, бірақ оның өршуін төмендетудің немесе тоқтатудың амалын жасауға болады.   Лазерлік ем, микрохирургия, көз тамшылары қолданылады.

Егде жастағы макулярлық дегенерация (ЕЖМД)

Егде жастағы макулярлық дегенерация бірінші кезекте 50 жастан асқан адамдар үшін қауіпті. Дәл осы ауру егде жастағы соқырлыққа себепші болуы мүмкін. Бұл дерт кезінде көздің ішкі тор қабығы мен орталық көру қабілеті зақымдалады. Адам көзге салмақ түсірмесе және тынығуға жеткілікті уақыт бөлсе, ЕЖМД жақсы емделеді. Дұрыс тамақтану және дәрумендер қабылдау өте маңызды. Бұл дерт туындаған кезде емдеу курсы тағайындалады және оны мерзімді түрде қайталап отыру керек.   

Поделиться с друзьями :
Сатып алу