Жанаспалы линзалар көру қабілетін түзетудің өте ыңғайлы әдісі болып табылады, олар шынымен жақсы көруге мүмкіндік береді. Бірақ көбісі одан бас тартады немесе тіпті оны тағып көруге де тырыспайды. Линзаларды тағу жайсыздықтан бастап линзаларға арналған ылғалдандыратын тамшыларды қолдану қажеттілігіне дейін біршама қолайсыздықты тудырады деп саналады. Бірақ кім шынымен жанаспалы линзаларды таға алмайды, ал кім тағуды қаламайды?
Бұл жағдайда “болмайды” сөзі медициналық қарсы көрсетілімдердің болуын білдіреді. Бұл офтальмологиялық және жүйелік аурулар, бұл аурулар кезінде линзаларды тағу тағайындалмайды, тіпті егер олар көру қабілетін тамаша түзетсе де. Сонымен, мына жағдайларда жанаспалы линзаларды тағуға болмайды
Назар аударыңыз: көптеген қарсы көрсетімдер көздің қабыну ауруларының болуына байланысты. Бұл қарсы көрсетімдер салыстырмалы болып табылады: ауру емделгенде линзаларды қолдануға болады. Алайда, созылмалы қабыну процестері линзаларды тағу идеясынан бас тартуға мәжбүр етуі керек.
Медициналық емес қарсы көрсетімдер бар ма? Иә, олар бар және көру қабілеті нашар адамның өмір салты мен әдеттерімен байланысты. Гигиена – бұл “жанаспалы линзаларды тағу” тіркесінің синонимі дерлік. Көздер мен линзаларға тек таза қолдармен жанасу керек Линзаларға арналған контейнердегі сұйықтықты күнделікті ауыстыру, контейнерді үнемі жуу және зарарсыздандыру, линзаларға күтім жасау – мұның бәрі көңіл бөлуді және өзін-өзі бақылауды қажет етеді, мұның бәрін тек таза қолмен жасау керек. Линзаларға күтім жасай алатындығына сенімді емес, бірақ оларды кигісі келетіндер үшін шартты балама – бір күндік линзалар. Олар бір реттік, оларды шайып, контейнерде сақтаудың қажеті жоқ. Мұндай линзалар тек бір күн ғана тағылады, олар ұзақ уақыт тағылатын линзаларға қарағанда қымбат, бірақ, мысалы, жолда, серуенде немесе линзаларға күтім жасау және қолдың тазалығын бақылау мүмкін емес жерлерде қолайлы.
Өкінішті, бірақ факт: офтальмолог жанаспалы линзаларды тағуға кеңес берген адамдардың көпшілігі оларды тағудан алғашқы күндері-ақ бас тартады. Дәрігер ықтимал жайсыздық туралы, ол жайсыздық бірнеше күнге, тіпті бір аптаға немесе одан да ұзаққа созылуы мүмкін екенін ескертсе де, көру қабілеті нашар адамдар линзаларды шешіп, бірнеше жағымсыз күндерге шыдамай қайтадан көзілдірік киіп алады. Бұл ретте, кейде жайсыздық линзаларды қолданушының дәрігердің барлық ұсынымдарын орындамауымен байланысты – мысалы, жанаспалы оптика таққан кезде ұсынылатын құрамында гиалурон қышқылы бар ылғалдандыратын көз тамшыларын уақытында тамызбайды.
Бұл препараттарды “жасанды көз жасы” немесе көз жасын алмастырғыштар деп те атайды. Олардың құрамында әртүрлі белсенді заттар болуы мүмкін, дегенмен қазір гиалурон қышқылы жиі қолданылады. Жоғары молекулалық салмақтағы гиалурон қышқылына негізделген препараттар (мысалы, неміс Хило желісінің көз тамшылары, олардың арасында Хило-Комод) ыңғайлы, өйткені олар көздің бетінде ұзақ уақыт буланбайтын табиғи көз жасы пленкасына ұқсас тұрақты пленка түзеді. Хило-Комод препаратын жанаспалы линзаларды тағу кезінде пайдалануға болады – тамшылардың құрамында консерванттар жоқ, линзалардың сапасына әсер етпейді, өндіруші көздеген пайдалану мерзімін қысқартпайды, көру қабілетін бұлдыратпайды. Егер дәрігер жанаспалы линзаларға үйрену кезеңінде және оларды үнемі тағып жүру кезінде қолдануға болатын нақты бір препаратты тағайындамаса, Сізге Хило-Комод препаратын немесе Хило желісінің басқа офтальмологиялық ылғалдандыратын тамшыларын таңдауға болады. Олардың тағы бір артықшылығы – алғашқы қолданғаннан кейін ұзақ сақтау мерзімі (6 айға дейін).