fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Адамның көру қабілеті туралы бірнеше қызықты факті

Видеть мир в ярких красках

The Vision Care Institute американдық көру қабілетін түзету институтында кең ауқымды зерттеулер өткізіліп, адамдардың өз көру қабілетіне қаншалықты байыпты қарайтынын (немесе байыпты емес) көрсетті. Барлығы 6000 адамнан сұхбат алынды. Жарияланған деректерге сәйкес респонденттердің 46%-ы ұдайы офтальмологқа қаралып, көру қабілетін тексеріп отырудың қажеті жоқ екендігіне сенімді. Ал 44%-ң пайымдауынша көз анық көретін болса, көру қабілетімен ешқандай қиындық жоқ. Бұл ретте респонденттердің 79%-ы көздің денсаулығын сақтап қалған жағдайда өмір сапасының да әлдеқайда жоғары болатындығымен келісті. Яғни, адамдардың басым бөлігі көздің денсаулығы қаншалықты маңызды екенін түсінеді, дегенмен көбісі бұл мәселеге мән бермей, кейбір белгілерге салғырт қарайды.   

Адамның көру қабілеті туралы бірнеше факті табиғаттың осы сыйын сақтап қалудың қаншалықты маңызды екенін дәлелдейді:

  • Іс жүзінде біз көру өткірлігін пайдалана отырып, ақпараттың 90%-н сырттан аламыз. Сәйкесінше, көру қабілеті нашар болған сайын, біз ақпаратты да азырақ аламыз.   
  • Әлемде көздің әртүрлі ауруларынан зардап шегетін шамамен 284 миллион адам бар. Іс жүзінде олардың 19 млн. – балалар. Шамамен 39 миллион адам су қараңғы соқыр, ал адам бейінді маманға дер кезінде қаралса, көру қабілетін жоғалту жағдайларының 80%-ң алдын алуға болатын еді.  
  • Адам денесіндегі ең жылдам әрі белсенді бұлшық ет болып көздің бұлшықеті саналады. Дәл осы бұлшықет көздің бір нүктеге фокусталуына және көз қарасты ауыстыруға көмектеседі. Көз секундына 50 объектіге фокустала алады.   
  • Бір тәуліктің ішінде адамның көзі шамамен 55 минут жыпылықтайды, ал бір минутта орта есеппен 6-17 рет жыпылықтайды. Әйелдер ерлермен салыстырғанда көздерін екі есе жиірек жыпылықтатады. Жыпылықтау көздің бетін сыртқы әсер мен асыра кеуіп кетуден қорғайтын жас қабықшасының жаңаруына ықпал етеді.    
  • Заманауи өмір бізге жұмыста да, тұрмыста да аса қажетті компьютерлермен және гаджеттермен тығыз байланысты. Бірақ мониторлар біздің көру қабілетімізді нашарлатады деген пікір қате. Монитор алдында ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде немесе телефонның экранымен тұрақты көрнекі байланыс кезінде шаршау сезімі жинақталып, көру қабілеті бұзылады. Көздің қатты шаршауына жол бермеу үшін әрбір 40-60 минут сайын аз ғана үзіліс жасаған жөн. Көзді ең алыс нүктеге қаратып, көзді жақсылап жыпылықтату керек.  
  • Көздің шамадан тыс шаршауына күңгірт жарықта кітап оқуды және нашар жарықта жұмыс істеуді жатқызуға болады. Көз шаршаған кезде бұл ағза үшін үлкен күйзеліс.  Жайсыздық, көздің кесіп ауыру сезімі пайда болады, бас ауруы мен жалпы шаршау сезімі пайда болады.   
  • Қазіргі заманғы ең кең тараған дерттің бірі-құрғаз көз синдромы. Оның белгілерін жиі әдеттегі шаршаумен шатастырып жатады, бұл анағұрлым күрделі паталогияларға алып келуі мүмкін. Аурудың туындауына жол бермеу үшін Ширмер тестін жасау ұсынылады, бұл тест құрғақ көз синдромын не растайды, не өршігенін жоққа шығарады.
  • Біз ұзақ уақыт қараңғы жайдың ішінде болған кезде көздің жарыққа деген сезімталдылығы артады – бір минутта 10 есе! Тағы 20 минуттан соң бұл көрсеткіш 60 есе артады. Сондықтан қараңғы жайдың ішінен жарыққа шыққан кезде біз қатты жайсыздық сезінеміз.
  • Ультракүлгін де көзге қатты әсер етеді. Қатты күн сәулесіне шығатын кезде үнемі қорғаныс көзілдірігін қолданған жөн: олар көздің өткірлігін сақтап қалуға көмектеседі.  УК- сәулелер судан, құмнан, асфальттан және қардан шағылысады. 
  • Жүйкенің тозуы, жұқпалы аурулар, шылым шегу, алкогольді немесе есірткіні асыра пайдалану салдарынан көздің көру қабілеті нашарлауы мүмкін.
  • Тағы бір қызықты факті – ашық көзбен түшкіру мүмкін емес.

Анағұрлым есейген шақта көру қабілетін қалпына келтіру жолдарын іздемес үшін, көзді балалық шақтан бастап қорғаған жөн. Жыл сайын офтальмолог дәрігердің қарауынан өтіп отырған жөн. Сонымен қатар жұмыс істеу және тынығу режімін сақтау керек, көзге және шаршағанды басуға арналған жаттығулар жасау керек, көру қабілетін түзетуге арналған арнайы құралдарды дұрыс таңдау керек, салауатты өмір салтын ұстану керек және дұрыс тамақтанып, таза ауада серуендеу керек. Осы ережелерді сақтай отырып, сіз көздің өткірлігін ғана емес, жалпы денсаулығыңызды сақтап қаласыз.    

Поделиться с друзьями :
Сатып алу