fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Көзге жасалатын операция: құрғақ көз синдромының пайда болу себебі

Кез келген араласу және көз мөлдір қабығымен медициналық манипуляциялар жас қабығының зақымдалуына және жас түзілуінің бұзылуына әкеледі. Осының бәрі ақырында құрғақ көз синдромының пайда болуына әкеледі. Тіпті бүгінгі күні танымал көру қабілетін лазерлік түзету осы синдромның алдын алуды уақытында бастамаса, үмітті ақтамауы мүмкін. Бұл факт туралы пациенттерді міндетті түрде хабардар ету қажет.

 Лазердің көмегімен көру қабілетін түзетуге шешім қабылдаған пациенттер жиі жағдайда линзаларды үнемі киіп жүру салдарынан жайсыздық сезімімен таныс болып келеді. Сондықтан көзді қосымша ылғалдандырған және “жасанды жас” тамшыларын пайдаланған жағдайда ғана емделуден жүз пайыздық әсер және операциядан кейін тез қалпына келу мүмкін болады. Өкінішке орай, бұл туралы бәрі біле бермейді, сондықтан қалпына келу кезеңі созылып кетуі мүмкін.

Лазерлік түзету алдында жас өніміне мұқият диагностика жүргізуге кеңес беріледі. Бұл Ширмер тестінің немесе сканерлеудің көмегімен жасалады. Көбінесе менопауза кезеңіндегі әйелдер, сығырлық пайызы жоғары пациенттер, аллергияға қарсы препараттарды, антидепрессанттарды, гипотензиялық препараттарды қабылдайтын адамдар, ауасы бапталған бөлмелерде жиі болатын адамдар синдромның пайда болу қаупіне ұшырағыш болып келеді.

Операциядан кейін проблемаларды болдырмау үшін ағзаңызға барынша қолайлы препаратты таңдау керек. Бұл жұмсақ әсері бар табиғи тамшылар болуы керек. ХИЛО КОМОД көз тамшылары өте жақсы құрал болып саналады. Оларды пациенттерге көзге операция жасалғаннан кейін, сондай-ақ синдромның пайда болу қаупі жоғары пациенттерге жиі тағайындайды.

ХИЛО-КОМОД – бұл гиалурон қышқылы бар сұйық ерітінді. Ол көз бетінде табиғи жас сияқты біркелкі қорғаныс қабыршығының пайда болуына ықпал етеді, көзді құрғаудан, тітіркенуден және инфекцияның түсуінен қорғайды. ХОЛИ-КОМОД препаратының артықшылығы – құрамында консерванттардың жоқтығында, яғни оны айтарлықтай ұзақ уақыт бойы пайдалануға болады.

СІЗДЕ ҚҰРҒАҚ КӨЗ СИНДРОМЫ БАР МА

Сатып алу