fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Суыққа аллергия болуы мүмкін бе?

аллергия на холод

Көктем мен жазды жақсы көру оңай. Күзді – аздап қиындау. Ал қысты шаңғышылар, бордерлер мен қардағы белсенді демалысты жақсы көретін басқа да энтузиасттар сияқты немесе суреттің бейтравиалдылығын бағалайтын суретшілер мен фотографтар сияқты жақсы көре білу керек.

Бірақ, адамдардың басым бөлігі қысқа селқостау қарайды. Бұған жиі негіз де бар. Мысалы, суыққа аллергия.

Суыққа аллергия. Фактілер

Суыққа аллергия – ағза температураның төмендеуіне аса сезімтал болып кететін жағдай. Қазір әңгіме аяз туралы ғана болып отырған жоқ. Дәрігерлер осы патологиялық жағдайдың анық шығу тегін жетік анықтаған жоқ. Осы дерт туралы белгілі тексерілген фактілерді атап көрелік:

• Біз бұрын айтып кеткендей, суыққа аллергия – оның аязбен байланысты дерт болуы міндетті емес. Бұл симптомдар пайда болу үшін жиі температураның 5 градус Цельсийге дейін төмендеуі жеткілікті болады. Осы симптомдардың салдарынан туындайтын жайсыздықтың шыдатпайтын деңгейге дейін өршуін күтудің қажеті жоқ. Бірден офтальмологқа қаралып, аллергияға арналған көз тамшыларын пайдалана бастау керек.

• Суыққа аллегияның қыста ғана пайда болуы шарт емес. Кейде шақырайған жағажайдан кейін салқын теңіз суына күмп ете қалудың өзі жеткілікті. Немесе іші суық жайдың ішінде ұзақ тұрып қалу. Бұл дертке не түрткі болса да, көз аллергиясының емін кейінге қалдыруға болмайды.

• Бұл дертке көбінесе әйелдер мен балалар бейім келеді.

• Бірақ «көздің аллергиясын емдеу үшін не істеу керек» деген іздеу сұрауын еркектер те жазып жатады. Бұл жиі еркектің жұмыстан кейін ішкен суық сусынынан да болуы мүмкін.

• Суықтан аллергияға әртүрлі аурулардың өршуі себепші болуы мүмкін, ал көздің аллергиясы солардың біреуі ғана. Бұл «аллергиялық конъюнктивит» деп аталатын аурудың пайда болуы деп аталатын жеке жағдай.

• Нақты диагнозды қою үшін екі маман – офтальмолог пен аллерголог бірігуі қажет. Өкінішке орай, бұл жердегі проблема аллергия кезінде көзге қандай тамшы тамызу керектігін анықтаудан тереңірек жатыр. Тиімді емдеу сұлбасын әзірлеу үшін мәселені тұтастай, жан-жақты қарастыру керек.

• Бұл дертті криоглобулин ақуызы тудырады, температураның төмендеуіне байланысты оны ағза жасап шығарады. Иммундық жүйе криоглобулинді әлеуетті түрде қауіпті деп қабылдайды. Сондықтан оны жойып жіберуге тырысады.

• Суықтан пайда болтын аллергиялық конъюнктивитті сүйемелдейтін анағұрлым кең тараған симптомдар – көздің жастануы, көздің қызаруы, қышу, күйдіру, жарыққа сезімталдық және басқалары. Біздің тұрақты оқырмандарымыз бұл симптомдардың құрғақ көз синдромы өршитін кезде байқалатын белгілерге ұқсас екенін байқап отырған болар.

• Құрғақ көз синдромындағы сияқты аурудың ерте сатысында кейде аллергияға қарсы көз тамшыларын ұдайы пайдаланып отыру жеткілікті болады. Олардың дәл қандай тамшы болу керектігін білікті маман сіздің көзіңізді қарап, тексергеннен кейін шешуі тиіс. Өз бетімен емделмеген жөн.

Әңгіме суықтан туындайтын аллергиялық конъюнктивит немесе құрғақ көз синдромы туралы болған кезде офтальмологтар жоғары сапалы гиалурон қышқылынан әзірленетін аллергияға қарсы көз тамшыларын ғана қабылдауға кеңес береді. Құрамында қайдай да бір зиянды қоспалар – консерванттар, фосфаттар, реттегіштер жоқ.

ХИЛО-ДУАЛ– бұл көзге арналған ылғалдандырғыш тамшылар, олар ең үздік мамандардың талаптарына ғана сәйкес келіп қоймай, олардан асып түседі. Өйткені препараттың құрамында көздің бетінде физиологиялық кедергіні түзуге ықпал ететін үлгілік гиалурон қышқылы мен эктоин комбинациясы бар. ХИЛО-ДУАЛ- ылғалдандырады, жастың артық булануынан қорғайды, тітіркену мен аллергия кезінде көздің қабынуына жол бермейді.

Сонымен қатар ХИЛО-ДУАЛ – бұл аллергия кезінде көзге арналған тамшылар, оларды сауытты ашқан сәттен бастап жарты жылға дейін пайдалануға болады. Бұл COMOD патенттелген жүйесінің арқасында, ол ерітіндінің ұзақ уақыт бойы стерильділігін сақтап қана қоймай, шашырататын кезде оны үнемдеуге де көмектеседі.

ХИЛО-ДУАЛ аллергия кезінде көзге арналған тамшылары сіздің көзіңіздің саулылығын арттыра түседі!

Поделиться с друзьями :
Сатып алу