Сонау 1508 жылы кемеңгер өнертапқыш, суретші әрі ғалым Леонардо да Винчи бір эскизді бейнеледі, оны жанаспалы линзаның ең алғашқы әйгілі концепциясы деп есептеуге болады. Бірақ, онда жанасу көзбен емес, бүкіл баспен болды – басты таза су толып тұрған шыны шардың ішіне кигізу керек еді. Бірақ, осы сынды жанаспалы линзаны киюдің қауіпсіздігі әрине көп сұрақ тудырды.
Сол заманнан бастап адамзат кең ауқымды технологиялық өрістеуді бастан кешірді, оның ішінде көзді түзету саласында да. Бүгінгі таңда жақсы көруге ғана мүмкіндік беріп қоймай, көздің түсін де өзгерте алатын, өзіндік стиль беріп, бірегей суреттің көмегімен өз ерекшелігіңді көрсетуге болатын линзамен ешкімді таңғалдырмайсың. Бірақ көзге арналған линзаларды қауіпсіз кию әлі де өзекті мәселе болып табылады.
Бүгінгі таңда линзаны пайдаланатын адамдар саны күн санап артып, көбісі көзілдіріктен линзаға көшіп, линза барлығының көңілінен шығып жатқандай болып көрінеді. Олардың қандай қаупі болуы мүмкін? Бұл сұраққа жауап беру үшін линза киетін кезде көзге қандай тамшыларды тамызуға болатындығын білу керек. Бұдан әрі біз осы екі тақырыптың байланысын ашып көрсетеміз.
Біздің көзімізді жұқа қабықшамен көмкеріп тұрған көз сұйықтығы әртүрлі үш қабаттан тұрады, олардың әрқайсысының өз қасиеті мен қолданылу орны бар. Жанаспалы линзаларды кию осы қабаттардың тұтастығын бұзады. Бұл шынайнаның және көздің шырықты қабығының кеуіп кетуіне алып келеді. Бұл басты қауіп болғанымен, ол жалғыз емес. Барлығын атап көрсетейік:
Өзіміз көріп отырғандай, линза киетін кезде тамызатын тамшылар әлеуетті қауіптен қорғануға көмектеседі. Бірақ оларды толық қарап, барлық егжей-тегжейді анықтағаннан кейін офтальмолог қана тағайындауы тиіс. Жанаспалы линзаларды кию үнемі жайсыздық сезімін тудыратын болса, дәрігердің кеңесі аса қажет.
Мамандардың басым бөлігі линза киетін кезде барынша сапалы, бірақ құрамында консерванттар, фосфаттар, реттеушілер мен т.б. зиянды қоспалары жоқ гиалурон қышқылы негізінде жасалған ылғалдандырғыш тамшыларды ұсынады.
URSAPHARM компаниясы неміс фармацевтикалық корпорациясы өндіретін ХИЛО-КЕА линзаларын киетін кезде көзге арналған тамшылары үздік өнімдердің бірі болып есептеледі.
Еуропалық Фармакопея сертификатымен расталған үлгілік сападағы натрий гиалуронатымен бірге ХИЛО-КЕА тамшыларының құрамында микрожарақаттың жылдам жазылуына ықпал ететін декспантенол бар.
ХИЛО-КЕА тамшыларымен және жанаспалы линзалармен қоршаған әлемнің әрбір түйіршігіне рахаттаныңыз!