fbpxsrc="https://www.facebook.com/tr?id=289690766694950&ev=PageView&noscript=1"

Жасанды жас. Өткені мен бүгіні

Искусственная слеза

Тектоникалық тақталар жылжып, тұтас бір империялар құрылып, қайта құлдырап, қирап жатты, қалалар өзгерді, адамзат дөңгелекті, жұлдыздарға ұшу жолдарын, тіпті селфи жасауға арналған таяқты да ойлап тапты. Осы уақыт ішінде өзгеріссіз қалған нәрсе – тек адамның көз жасы ғана. Ал жасанды көз жасы ойлап табылған сәттен бастап бірнеше рет елеулі өзгеріске  ұшырады. Алдында айтып өткен дөңгелекпен салыстырғанда, көп уақыттан кейін пайда болса да.

Алпыс жылдай бұрын шығарылған алғашқы жасанды көз жасы көру мүшесін аз уақытқа ғана ылғалдандырғанымен, көз жасы үлдірінің липидті қабатын жойып жіберетін тұз ерітіндісі болған. Оны пайдалану нәтижесінде көздің табиғи ылғалы жылдам құрғап кететіндіктен, жасанды жас препараттарын жиі-жиі тамызып тұру қажет болған.

Ағза көз жасын алмастырғыштың кез келгеніне үйреніп алады деген миф сол кезден бастау алған. Ол заманда бұл сөздің жаны бар еді, ал қазір көз тамшылары, жасанды көз жасы (бұл дәріні әртүрлі атай береміз) тұзды ерітінділер емес. Бірақ ойымыздан озып кетпей, тарихқа қайта оралайық.

Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басын синтетикалық және табиғи полимерлер дәуірі деп атауға болады. Сол кезден бастап жасанды көз жасының құрамына осы заттар кіретін болды. Сөйтіп, жаңа жасанды көз жасы алдыңғыларына қарағанда тәуір әсер ете бастады – көзді жақсы ылғалдандырып, оның липидті қабатын қалпына келтірмесе де, жойып тастамайтын болды. Алайда соған қарамастан, полимерлерге негізделген жасанды көз жасы көру қабілетін төмендетеді. Сондықтан қасиеттері жағынан адамның шынайы көз жасы одан көш ілгері болғаны анық.

Полимерлердің күні бүгінге дейін көз жасын алмастырғыштарға қосылатынын айта кетейік, дегенмен, қазіргі түрлері – қасиеттері үздік заттар. Олар көбінесе полимерлер мен көзді ылғалдандыратын препараттар тарихындағы жаңа дәуірді бастаған заттың қоспасынан құралған ерітінді болып табылады.

Сонымен, Гиалурон қышқылының дәуірі жаңа мыңжылдықтың басына келді. Көз дәрігерлері ол заттың ылғалдандыру қасиеті керемет екенін дәл сол кезде анықтаған болатын. Бірақ әңгіме онымен бітпеген. Зерттеу барысында «гиалуронка» (бүгінде ол көбінесе осылай аталады) көз жасы сұйықтығының үш липидті қабатын бірдей қалпына келтіре алатыны анықталды! Сондықтан қазір жоғары сапалы жасанды көз жасының құрамына гиалурон қышқылы немесе оның туындысы – натрий гиалуронаты қосылатын болған.

Жасанды көз жасы. Оның пайдасы неде?

Жасанды көз жасы көздегі ылғалдың жеткіліксіздігімен және көздің құрғауымен байланысты түрлі офтальмологиялық мәселелерді шешу үшін қолданылады. Олардың ішінде ең көп таралғандардың бірі – құрғақ көз синдромы.

Бұл көз жасы қабықшасының жетіспеушілігінен немесе сапасыздығынан конъюнктива мен шынайнаның созылмалы құрғау үдерісі. Бұл сырқатқа көбінесе кеңсе қызметкерлері, кәсіпқой жүргізушілер, мегаполистердің тұрғындары, қауіпті өндірістегі жұмысшылар және көптеген басқа адамдар шалдығады.

Жасанды көз жасы тамшылары көздің саулығы мен дұрыс жұмыс істеуін, яғни тұрақты түрде өздігімен ылғалдануын қалпына келтіруге көмектеседі.

Егер көзіңіз  ұзақ уақыт жастанатын болса, түйіліп ауырса, қызаруы байқалса, қабақтың астына бөгде нәрсе түсіп кеткендей сезімде болсаңыз, онда офтальмологқа баруды кейінге қалдырмаған дұрыс. Қарап тексеру мен клиникалық зерттеулердің қорытындылары бойынша маман емдеу сұлбасын әзірлеп, оған көзден жас ағуын тоқтататын көз тамшыларын қосады. 

Нарықта ондай дәрі-дәрмектер өте көп, бірақ көз дәрігерлері жасанды көз жасының консервантсыз болуына және оның құрамында жоғары сапалы гиалурон қышқылы болуына назар аударуды ұсынады.

Сондықтан қалаулы дәрілер тізімінің бас жағында орналасқан препарат ретінде құрамында Еуропалық Фармакопея сертификатымен расталған эталондық сапалы жоғары молекулалық гиалурон қышқылы бар ХИЛО ГЕЛЬ тамшылары ұсынылады.

ХИЛО ГЕЛЬ ерітіндісінің емдік қасиеттері құтысы ашылған сәттен бастап алты ай ішінде сақталатындықтан, бұл тамшылар құрғақ көз синдромының алдын алу немесе емдеу үшін ұзақ мерзім бойы пайдалануға жарамды болып табылады.

Өміріңізде тек көз жасыңыз жасанды болсын, ал қуанышыңыз әрқашан шынайы болсын!

Поделиться с друзьями :
Сатып алу